Обложка книги Бибіш апа
Современная проза

Бибіш апа

0.00 оценок 0 отзывов0+

Елдегі ер-азаматтар майданға аттанып, тау бөктеріндегі колхоздарда тек шал-шауқан мен бала-шаға қалған шақта, ел ішінде балалар арасында қызылша індеті өршіп кетеді.

Алдымен тойға дайындық жөнінде мәслихат өтетін болды, соған ауданнан Сапан екеуміз бірге баруымыз керек болды.

О книге

Елдегі ер-азаматтар майданға аттанып, тау бөктеріндегі колхоздарда тек шал-шауқан мен бала-шаға қалған шақта, ел ішінде балалар арасында қызылша індеті өршіп кетеді. Дәрі-дәрмек пен білікті маманның жоқтығынан қиналған жергілікті басшылықтың өтініші бойынша, майданға бет алған әскери эшелоннан жас медбике Бибіш Смағұлова Жаңақорған станциясында бұйрықпен түсіріліп қалады. Өз еркімен майдан шебіне ұмтылған қайсар бойжеткеннің соғыс өртіне емес, індет жайлаған Талдысу ауылындағы балалар өмірін арашалауға аттанған алғашқы қадамы мен тағдыр бұрылысы әсерлі суреттеледі. Шығарма тылдағы халықтың зардабын, жастардың отансүйгіштік рухын және адам өмірін сақтап қалу жолындағы жауапкершілік пен парыз ұғымын терең ашады.

Читать фрагмент

Читать ещё

Глава 1Бибіш апаСоғыстың кезі. Елдегі бас көтерер еркеккіндіктінің дені қолға қару алып, майданға аттанып, артта қалған қараша елде шал-шауқан, бала-шаға қорғансыз, жыртық көңіл күй кешті. Тау бөктеріне қоныстанған «Ынтымақ», «Талдысу», «Қосүйеңкі» колхоздары мемлекетке өткізетін мал өнімдері – ет, сүт, жүн өндіруде қатардан қалмай жанкешті тірлігін жалғастыра берді.Адамның қажыр-қайраты тауды да жарып, тасты да бұзуға қауһарлы екен. Бастысы, денсаушылығың болса, бір күн жылау, бір күн бұлау, күліп атар жарық күннен пенде шіркін үмітін үзген бе? Тірмізік тіршіліктің ғажайып құдіреті де осында емес пе? Бірақ «жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» дегендей, төтеннен ауыз салған зұлмат дерттің жас балаусаны аяусыз жапырғанына қылар дәрмен жоқ еді. Бас көтерерінен айрылып, қайғы жұтқан елдің екінші жағынан есін алып, қырдағы ауылға қызылша ауруы тарады. Талай жас өскінді дауыл жұлған қыз…

Иногда самые важные истории начинаются с первой страницы.
Ваше мнение

Оцените книгу

Один читатель может поставить только одну оценку.

Обсуждение

Комментарии 0

Комментарии гостей публикуются после проверки модератором.