12+Қарға
Қарға" - метафоралық тілмен жазылған мистикалық және фантасмагориялық шағын әңгіме. Қорқыныш пен үрейдің натурасын сипаттай отыра, готикалық новеллалардың атмосферасымен толықтырылған мәтінде автордың бала кезінде басынан өткізген "поэтикалық көрініс" бейнеленген.
Бір кезде артымнан Беріктің айқайын естідім: «Үйге кеттік.
Читать фрагмент
Читать ещёГлава 1Жаз айларының ортасында, аптап ыстық күндердің ағымының артын итеріп келетін нөсердің болатынын байқадыңыз ба?! Ауылда доп теуіп, ағаш бұтақтарын сермеп, тас атып, екі-үш бала ойнап жүрген кезде, бір сәтте көкжиекке көз тіксең, қара бұлттардың алыстан төніп келе жатқанын көретін едім. Бұл, әрине, ауа-райының құбылып, күн көзінің қарауынан шөлдеген жер бетінің шаңын басатын Құдайдың берген сыйы ғой. Дегенмен, мен үшін осы күндер шілде мен тамыздың өзге жұлдыздарынан ерекшеленіп тұратын...«Добыңды, велосипедіңді сарайға кіргіз де, жайылып тұрған киімдерді жинап ал» - деп, моншаның шетіне ілініп тұрған құрттарды торымен бірге жиып алып анам үйге кіргізіп жүр. Батыстан соққан ызғар қатты жаңбырдың болатынын айтып тұрғандай. Әжем де ентігіп, тауық қораның есігін тіреп тұрған кірпішті итеріп «есік-терезелердң жауып тастаңдар. Шал қойлармен жаңбырдың астында қалатын болды. Бекөш, атаңды…
Иногда самые важные истории начинаются с первой страницы.






Комментарии 0