История
Глава 1
Кіріспе.
Алқисса. Осы қол жазбамды менің туған-туысқандарым, болашақ ұрпақ, үрім-бұтақтарым, сендерге арнаймын.
Мен Қожарахмет Балтабай Бекболатұлы Жалайырдың-Андас руынан соның ішіндегі Құттық-Қарақұс боламын. Бұл қол жазбаны жазуға түрткі болған 1775 жылы жазған Шапырашты Тауасар бидің баласы Қазыбектің бек “Түп-тұқияннан өзіме шейін” деген кітабі, ғасырлар бойы жарыққа шықпай, міне 20-ы ғасырдың аяғында 1993 жылы қазақ елі азаттық алып жеке мемлекет болған кезде шығуы.
Біз білмейтін, білмий өтуіміз мүмкін жағдайлардың: біз бұрын білетін, бірақ қайсысы шың, қайсысы жалған екеніне көз жеткізе алмай жүрген көп деректін ақиқатына бұл кітап айғақ болып, автор өз көзімен көрген мәңгі маңызды, мәңгі қасиетті тарихи оқиғаларға куәлік жасайды. Қазақ тарихының бүкіл шындығын осы кітап айтады деп күпірлік болар, бірақ тарихқа жаңаша қарауға міндеттейді.
Бұл жазбада өзімнің ата тегімді жазып қалдырсам ба деген ниетте негізгі бағыт беруші Қазыбек бек бабамыздың “Түп-тұқияннан өзіме шейін” кітабі және де Қазақ шежірелері: М.Тынышбектың, Жүсіп Көпейұлының, Шәкәрім Құдайберді ұлының, Жақыш Хасебектің “Злемі Сақ”, қытайдағы қазақ жазушылары жазған “Қазақтың көне тарихы” және басқа қосалқы матаршақдарды қолдандым. Мен бұл жазбаша жазғанда білімім болса да, ол тасып төгіліп, артылып бара жатқандықтан жазып отырған жоқпын. Ойым жеті атасынан, одан арғы ата-бабаларынан хабарлар болсын, Майқы атам айтқандай, біреулер үрім бұтағымызды “жеті атасын білмеген жетесі жоқ неме” демесі үшін осы жазбаны қалдырдым.
Бұл жазбаның кіріспесінде жоғарыда айтылған Қазыбек бектің бабамыздың “Түп-тұқианнан өзіме шейін” кітабының 200 жылдан аса уақытта жарық көре алмағаны, патшаның Россияға қазақ елінің бодан бола бастағынан кейінгі уақытта, 1917 жылы революция кезінен кейінгі орыстардың гибвенистің саясаты ұстап басқа қол астындағы халықтың тарихын өз тарихына бейімдеуі көп кедергі болып, тақай жыл жерде көміліп жатуына себеп болды. Қазыбек бек бабамыз сол кездің өзінде орыстардың би қазақ халқына деген саясатын жақсы түсініп осы кітапты отарлау мақсатын ашқан.
Сонымен қатар қытай былеуші таптарының қазақ халқының ру-руларын бір-біріне айдап салып отырып қырғынға ұшыратқанында ашық жазған. Бір таң қаларлық жағдай осы кездегі тарихшыларымыздың жазған кітаптарында Қазыбек бек атамызды кездестіре алмад.
Ол кісі заманында Таукехан, Әбілхайырхан, Жолбарысхан, Самеке, Болат, Әбілмәмбет, Абылай хандарды көзімен көрген жүздегін сөйлескен адам.
Қазақтың ұлы төби биі үйсін Төле биді, Қазыбек биді, кіші жүз Айтеке билермен тікелей араласып сонау Жоңғар шапқыншылығынан бастап қазақ елінің басын біріктіріп Жоңғарларға қарсы қазақ жерін азат етуге үлкен еңбек сіңірген адам. Кезінде Жолбарыс ханның қарадан шыққан уәзірі болып ордада 7-8 жылдай, Төле би, Қазыбек билермен бірге болып үлкен мәселерді шешкен.
Ұлы жүз қолынын басбатыры болып Жоңғар қалмақтарына жас кезінен өмірінін аяққы кезіндеріне шейін соғыс салып жеңіске жетіп, соғыс тәсілінің көп түрлерін қолданып Қара Керек Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлармен тізе қоса қазақ жерін қалмақтардан азат еткен бек-батырымыз.
Міне осы Қазыбек бек-батыр бабмыздың тарих бетінен көрінбеуі көп жағдайды ойға қалдырады.
Менің ойымша бұл кісінің жазған кітабында шындықтың барлығы: саясаттың бетін аша білгендігі, тек қана шындықты, көргенін, оқып-біліп жалғанды жазбағаны. Міне өзімнің қортпа келе осы бабамыздың кітабын негіз етіп ата-баба шежіресін жазғанда, шындықтан көп ауытқымайтынымасеніп жазуға кірісемін.
Ата шежіресі.
Қазақ елінің түп-тұқияны кім болған?
Соғым көшкен сары дамада, қойын құрттап, айранын ұрттап, табиғаттың ырқында ығып жүрген, шөптің шүйлісімен судың тұнығымен таласып, өзара қырқысқан, қырық ру – қырық пышак халық па еді? Әлде өрем ойы бар, өрісті өнері бар, бірлігі сүймей үйыған, шаруаны берекені, ер жігерлі, ер мінез ел ме еді? Осы сауалдардың моншақтай тізіп алуына тосайып, сонау түптен таратып, бүгін дейін үзілмей келе жатқан аттын келі бар ма?
Иә бар. Ол біздің ана тіліміз - туған тарихымыздың қайнар көзі, кәусар бұлағы. Өйткені әрбәр тілдің - тұлға сипаттаманың қасиетке ие. Әр атау-атапмыш зат, құбылыстың басты қасиетіне орай туындаған ұғым.
Ұғым түсініктің - түсінік сезініздің қортындысы. Ұғым сондай ақ дүние тану негізі. Танымның дамуы адамзат ой санасының дамуы, сананың өрісі ханың рухының өресін бейнелийді. Тіл – сана қаруы. Ендеше қазақ тілінің өресі қазақ санасының орнын айқындайды. Қазақты тану үшін әуелі оның тілін тан. Тіл – тарих кілті. Осы айтқандай өзі тілін түсіне оның сырын, ұғымын айтқандай білген Қазыбек бек бабамыз былай деген екен. «Мен өзімнен бұрынғы қазақ жерінде жасаған Елбау бидің немересі Албанның Қас Қажыл тұқымы, Баласуғында өмір сүрген Жүсіп бабаша ескішілемедім. Бір сөз болса да елім ұқсын, білсін деп елім.
Олардың әруағына бас иіп, тәуап етемін, жаны жәннатта болсын, дегенмен өз тілімде сөйлегеніме не жетсін дедім. Сондықтан да атам жалайыр Қыдырғалида кеттім. Оның үстіне Махмуд бабаның:
«Қасірет-мұңын түсіндіріп, щағыну үшін түркілерге өз тілінде сөйлеуден жақсы жол жоқ», – дегені де бар еді.
“Мен өзімнен бұрын тарих жазған ғұмаларды бабам Махмудты, Мұхаммед Хайдарды, Қожа Ахметті, Жүсіпті тіпті кеше өткен Қыдырғали Қосымбек баласының жазғандарын тегіс оқыған адаммын. Шығыстың тарихшыларынан да мол хабарым бар: баяғыда Өтеген екеуіміз оқу іздей Шам, Басыра, Бағдат шаһарларында, Иран, Түрік жерінде жүргенде, оларды ұйқы көзмен оқығанмын” – дейді. Бабамыз Қазыбек бек, Өтеген Өтеғұлұлы екеуі 12 жағдай бүкіл шығыс Азия: Бұхара, Самарқан, Кабұл, Асдахан, Тегеран, Стамбул, Басра, Бағдат, Шам, жерінде Мадридте, Германия – Берлинде, Речи Посполито жерінде адам Дунай арқылы орыс. Жерінде де орыс шіркеулерінде жыл намашыларынан дәріс алып; бүкіл Кіші Азия, Европа қалаларында болып кітапханаларында білім алып, біржерде тілдерді үйренген.
Қазыбек бабамыз былай дейді: мейлі тарих десін, мейлі кейінгі үрім-бұтақ атамыздан қалған мұра десін, мен көзіммен көргенімді, өзім жете біліп, зерттеген керлерді, мандарды бермек болдым. Жанымнан жалған қоспадым. Ақты ақ, қараны қара дедім. Ендігі жерде Қазыбек бабамның кітабына сүкене жазайын.
“Атамыз Адам пайғамбар” деп ақындар айтатындай, ондай ұзаққа бара алмадым. Аталарымыз пәлендей бір ғарабтан, Нұхтан тарапты деп қазіргі бір шала молдалардың айтып жүргенін жөн көрмедім.
Біз – Ислам діні жоқ кезде ғұмыр кешкен халықтың үрім-бұтағымыз.
Біздің тектіміз-тамырымыз өте алыста, одан бері талай замандар өткен.
Әңгімелейтін анық білдім дейтін жердің өзі 2500 жылдай. Осы кезенді мен Хижра жылнамасымен бердім.
Мен жазған жылға 622 жылы қоссаңыз тура нығрани-христиан дінінің жыл санауы шығады. Мен алдыма мынадай мақсат қойдым. Анық хақиқатын білмейтін жерден қашанда аулақпын.
Қанша білімпаз болса да, мен бір елдің тарихын екінші бір халықтың өкілі бүге-шігесіне дейін біле алады дегенге иманбаймын. Адам өз елінің мүддесін басқа ел мүддесін ен көбірек ойлар болар. Осы жүрген, қазір қара қазақ атанған халықтың, ру-руға бөлініп жатса да, бір діңнен тараған бұтақ-берек екенінің хақиқаттығына мен қашанда міне біллаһи дей аламын. Оның үстіне Қытай, тағы да басқа ел тарихшылары біздің тілді жете білмегендіктен, бәрін шатастырады.
Мысалы, Ғайса тумастан 500 жыл бұрын өткен Төбей биді Хижыра жыл санауы басталған кезде ғұмыр сүрген Түркешпен шатастырады. Ол екеуінің арасында 1100 жылдан артық дәуір бар. Мысалы, Дулат пен Дулының (Елсау баласы) арасы 700 жылдай, соларды Қытай тарихшылары бірге жасаттырады. Менің одан кейіп анық білетін шындығым, әйтеуір, Қырғызбен ағайынды ел екендігіміз.
Біздің халқымыз – ежелгі елдің бірі. Жалпы, біздің Алатауларымыздың бауыры – Тұран жері – бүкіл адамзат ғаламының Отаны. Ол сонау ежелгі заманнан бүгінге дейін адамзатқа, оның аяқталуына, жетілуіне бірден-бір дәйекші болған жер. Оны Шын, Машын Тарихшылары да жоққа шығара алмайды. Құдай бізге далитып кең дала беріп, кенді таулар, суатты кешулер өлеңдер беріп, жан-жағымыздағы дінсіздердің, орыстардың бізге көзін алартып қойды. Сол жерді ұстап тұрамыз деп-ақ, сол жер үшін де таусылып бара жатқан жайымыз бар. Менің анық білерім, атамыз Майқы айтқанынан деп жеткен болса, ол былай депті: “Біздің халқымыз осыдан тура 1000 жыл бұрын да қазақ атанған. Атамыз Алаш, керегеміз ағаш қазақпыз”.
Бізден 600-700 жыл бұрын ғұмыр сүрген Фердауси, Махмұд жазбаларынан кездестірдім. Біздің жұртымыз ұлы жүз – үйсіндерді айтамын;
Үгін, Азық, Шағыл, Алүйсін «алұсын», Қараүйсін «қарұсын», Сарыүйсін «сарығұсын», Түргеш, Дулат айтамын кенді. Солардың бірде-бірі “жоқ мен қазақ емеспін” – деген жоқ. Ал тарих зертеуші адамдар маған шейін де, менен кейін де еліміз туралы айтқан, әлі де айтар, ләкин қалайда бүгінгі заманда шапқыншықта басы қосылып, аузы бірігіп қалмақты, Аштраханда қалған азғантайы болмаса, бәрін жер бетінен жоқ қылып жіберген қазақтың бір әкенің баласы екеніне мен кәміл сенемін.
Оған дәлелім: сонау түп-түқианнан жатталып келе жатқан, егер менің аталарымның жазбасы, жаттауы болмаса, Төле ағам да, Қазыбек ағамда біле алмайтын ата шежіре.
Мухаммед Расулалла тумаштан 1900 жыл бұрын біздің аталарымыз Хазар мен Алаштың, Алатау мен Алай ораманының арасын шыр сипатталып көшіп жүрсе керек-ті. Бұл бір заманға жеткен әңгімеге қарағанда, олар сонау Сияп таулары Алатауына, Тұрпан асып шүршіт салған Семкереге дейін барып жайлап, қыстап, бірақ Жетісуға осы заманғы алты арыс Орта жүз, 29 тамғалы Кіші жүз, алты арыс Ұлы жүз жатқан жерлерді, тіпті Бижнек теңізнің төңірегін де жайлайды екен. Терістігінде таң атпайтын, таң атса күн батпайтын кілеңге де жетіп, малының өрісін ойлап жүреді екен. Жер бетінде адам аз, жер кең болса керек-ті. Міне Мұхаммед туғаннан 1900 жыл бұрын Қадыр деген Қалша аталарымыз болған. Мен де, бұрынғылар да мұның хақиқаттығына кепілдік бере алмаймыз. Олар әлде Түрік, әлде Сақ, әлде Хун аталған деседі. Көбіне Сақ дегенге көбірек арқа сүйейді. Сақ деген сөзде оған әрқашан жауына сақ тұратыны, күндіз бе, түн бе ер қаруы, бес қаруы дайын тұратынына бола айтса керек. Атамыз деп айтылатын Түрік те осылай ат үстінде күн көрген, аптада белін шешпеген, пыран киіп, пырақ мінген ерлер болған екен.
Жоғарыда айтылғандай. Тіл - тарих кілті дегендей Жақыш Хасеновтың әлеми Сақ кітабынан Сақ елі туралы үзінді беруге тура келіп отыр.
Ұлыс елі туралы бөлімде мынадай тұжырымдар алынған:
1. Ұлыс - ұлының қонған деген мәнде.
Ұлының ұялаған ел.
2. Ұлыс елінің тал бесігі Анд тауы.
Анд - туғызушы түп екен.
3. Ұлыс елі топан судың әлегінен,
Анд тауынан кемемен көшіп, келдік
Азияға, атап айтқанда Қазықұрт тауына тоқтаған. Қарықұрт – құрт басқан тау деген мәнде. Демек ұлыстықтар келгенде тартылған тасқыннан Қарықұрты су жәндіктері басып жатқан.
Ұлыс елі төрт орынға орналасып қоныстанған.
1. Алан – жоғарғы ел мәнінде.
Олар кен өндіріп, құрап жабдық жасаған, сондықтан тау сағалаған.
2. Төрен (Туран) – егін сапын, бау бақша өсіріп, қыштан ыдысаяқ жасаған ел, қазақша - төрепі.
3. Құман – балық аулаған, кеме жасаған, теңіз сағалаған, құмдауыт жағадағы ел, қазақша төменгі ел.
4. Сақ мал бағумен, аңшылықпен айналысқан.
Тұрақты мекені болмаған, ашық аспан, жарық күн астында, еркін өмір кешкен көшкенді ел. Ғалымдардың айтуынша, Топан су қаптағаннан бермен 13 мың жыл өткен.
Сонан ұлыс елі өсті, өркендеуі шар тарапқа қашып жайып, бүкіл әлемге таралуы. Құшты қоныс Кіндік Азия алтын бесік – атамекенге айналды.
Сақ елі нұр елі-дегендік. Бұл халықтық толық атауы күнсақан болу керек. Сақ – қысқаша айтылғаны. Өйткені сақпен туыс жоғарғы үш тайпаның, айпуларына да ан тұлғасы туған жер, өскен ортаны білдіретін анықтауыш ретінде қосылған.
Сақтардың жартастарға салған суреттеріне, әрдайым күн бейнесі салынған.
Сақын – сақ елінің ұлттың гербісі. Сақан – күн аналы, нұр кереденті –мәнінде. Күнсаңа күн сәулесінің перзенттері–дегендік.
Бұдан 8 мың жыл бұрын сақтардың бір бөлігі оңтүстік батысқа көшті.
Олар барған жерін Иран атауы, яғни Иран теңізге жалғас арап мәнінде.
Бөліне көшкендіктен Парсы қосындыдан бөлінген алтау алады. Одан 8-7 мың жыл аралығында бір бөлік батысқа көшіп, қос өзен аралығына орналасты.
Олар ғарап батыста тұратындар аталды. Олардың ғибаратханаларында да күн бейнесіоранатылған.
Одан кейін 6-5 мың аралығында оңтүстікке көшкен ел Түбіт тұйыққа тірелген, яғни теңізге тірелген ел мәнінде аталады.
Кейінгі 54 мың жылдықты шығысқа көшкен ел, ұлы құрлықта асып бітеу аралдарға шықты да, жапан –атанды. Яғни, елсіз иен мекен мәнінде. Сақ елінің іргесі бүтін тұрған.
Орта Азиядағы 13-8 мың жыл аралығы сақ елінің әбден дәуірлеген кезі әлеми сақ – депінген.
Күн сақан елі көшпелі тіршілік етті. Табиғаттың алуан түрлі ендігінде болмаған жері, бастаған тауы ендігінде болмаған жері, бастаған тауы қалмаған. Қозғалыс табиғи өмір заңдылығы. Сақ көшуден, сапар шегуден жалықпаған, табиғатпен қоян қолтық араласып өмір сүрді. Талай–талай қиын қыйалаң қорқынышты, үрейлі қарсы барып,арпалылысқан күн кешті.
Осының бәрі сақ ұрпағының шыныққан шымыр, аса қуатты, күші мығым, пысық, ширақ, тапқыр, ойшыл, жүрек жұтқан батыл, әдісқой, жігерлі бір-біріне бауырмал, адал, ұйымшыл мінезі қалыптастырылды.
Дәл сондықдан сақ жауынгері әлемдегі ең жеңіскер күш болды.
Сақ елі тоғыз тайпаға бөлінген. Тоғыз саққа жүгірту – деген тұрақты тіркес содан қалса керек. Бұл оқиғаны бүкіл сақ еліне тарату – дегендік.
Нақ белгілі сақ тайпалары мыналар: қыпшақ, үйсін, арғын, найман, алшын, қоңырат, ұранқой.
Қыпшақ: қып–киім, шақ–дәл ұнамды, қыпшақ жарасты киімділер дегендік. Шөптен, жүннен жіп иіріп, өрмелі құріп мата тоқуды әлемде тұңғыш рет сақ елінің ең үлкен тайпасы қыпшақтар шығарған деп ойлаймын. Сөз төркәнә осыған мезгейді.
Қыпшақ айтады Атлантыда заманында да бар деуге болады. Киім тігуші Ыдырыс пайғамбардың өзі қыпшақ шығар....
Үйсін: Үй ыдыраңқы қозғалыстарды үйірін әкеліп бір нүктеге жинақтау.
Сын–қосынды,жинақталған орын. Үйсін мол жинақталған, көп бас қосқан орын мәнінде. Қорыта айтқанда, үйсін ұйысқан қалың мәнінде. Яғни Сыр бойы қалың қопа қамыс, ну тоғалы жер. Үйсіндер Сыр – Шу өзендерінің бойын мекендеген.
Үйсін Алатаудың күнгей бенті, Қаратау өңірі, ұлыстықтардың ең алғаш қоныс тепкен орынында қалған үлкен үй есепті аға ел саналады. Ендеше Үйсін атауы да Қазықұртқа орны заманнан қалған.
Арғын –Ар+ғы+н.
Ар –щек.
Ғы –шектің сырт жоғы.
Н –мекен.
Арғын шектің сыртындағы мекен, сырт жақтағы ел. Жоғарында Балқаш, Каспий, Арал теңіздері баста бір жұтас ұлы теңіз еді, депінген. Арқа осы ұлы теңіздің –сырты жағы деген мәнде қалыптасқан. Аспан тауының терістігін алты тәрліктер күні бүгін “Таңарқасы” – дейді. Арғын –арқа елі, Сарыарқаны мекендегендер.
Сарыарқа ұлан байтақ кең өлке, ұшы қиырсыз кең аймақ. Найман Най іші қуыс түтік, белгілі ағынды реттеп жөнге салушы. Ұлыс заманында үрлемелі аспабтар аса жоғары бағаланған. Найман атауы да ұрыс заманынан қалған атау.
Осыдан пайымдайтынымыз: қыпшақ, үйсін, арғын, найман, атауларының шығу заманы өте ертеде. Қазақ шешесінде Амаш атамыздан қазірге дейін 25-30 атадам артпайды. Бұл 9-10 ғасыр шамасын қамтиды.
Ендеше қазақ шежіресінің басы 11-12 ғасырдан басталады дей аламыз.
Демек жешіре Ұлы круақия күйреп, қазақтың түй-тазаласы шыққан ұлы қырғыннан кейін қалған қазақтың бас құраған үркердей аз тобынан басталған және қыпшақ, үйсін,арғын,найман аталары адам есімімен алынбағаны анық.
Қоныстанудан мамандықтан туындаған. Наймандар ұлыс заманында Жеуелі байсын, Суырлы Тарбағатай, Алтай алқабын мекендеді. Өсіп, өркенжая келек Баркоп, Байкөп атырабын жайлады.
Алшын –Ал+ш+н
Ал–алғашқы, бастапқы дәреже, жоғарғы дәреже. Ш–тәуелдеуші. Алшын өте жайлы, рахат мекен мәнін береді. Бұл қазіргі Орал Тауы атырабы, Маңғыстау, Каспий жағалары. Ол кезде Қарақұм, Қазалқұм, Бетпақ шөлінің орыны теңіз астында бөлген. Сондықтан бұл өлкенің ықлымы жұмсақ, ылғалға бай, жайыл мекен болғандықтан, өнде тұратын ел де алшын атанған.
Ұранқой –өр-ан-қой.
Өр–жоғары, ан–мекен, өран–жоғары мекен, қой–оралған бет.
Оранқой –әр мекенде тұратындар, яғни батыс–шығыс түгел мекендеген ел. Оранқой, Якут, атпайлық жалпы сібір халықтары. Сібір бертін шыққан атам. Қоңырат. Бұлар Қап тауын мекендеген, жылқы өсіруге ерекше ықпалы болған. Сонымен Сақ елінің біздің қазақ елінің арғы аталары болып келетінін және де Жақыш Хасеновтың тіл жағынан зерттей келе Қазыбек бабамыздың сол кезде ой түйініне үйлесіп жатқанын көреміз. Бұл Қазыбек бек бабамыздың сол кезде 18 ғасырда талай ғұлама ғалымдары тарихшылардың еңбегін жете түсіне, аң қарасын айыра білгендігінен деп білеміз. Азия орта ғасырларда бүкіл әлем адам затының ғылым, білімнің, сауда-саттықтың жоғары дамыған кіндігі деп ойлаймын. Бұны бүкіл ілемғалымдары мойындайды. Енді Қазыбек бек бабамызды ата шежіре талдауына кіріселік.
Сонымен жоғырыда айтқандай Қадыр екі ағайынды жігіттің үлкені біздің бабамыз болыпты.
Оның баласы Алаш делініпті. Міне, біздің ұранымыз Алаш болатыны осыдан. Қазақ қашанда тек өз атасының атап, соған жолбарынып, соған ағынып, тіпті құдайдан бұрын соған ағынып жауына шабады. Сол атамыз Алаш дүниені арапап шарпап кетіп, әлде қандай теңіз жағасындағы елден әйел алып қайтыпты. Теңіз елінің қызы бір күні Алашқа:
– Мен өлген соң бие сауымнан кейін көріме кел, егер мен дыбыс берер болсам, көрімді аш, мен ұл туамын, соны алып, мені қайта көміп, балаңды алып асырарсың. Атын – Жайыл қой. Жайыл дейтін менің арғы атам, ол менің елімде асқан білікті адам болған. Сенің балаңның ұрпағы, яғни біздің ұрпағымыз атқа мінгенде жер қайысқан қол болады. Ол аттың үстін үйіндей жайлайтын болады. Жылқы малы ол өзін арлаған, ардақтаған елге ерекше қызмет етеді, ол біздің ұрпағымызды жылқы баласындай көретін болады.
Жайылдың жар дегенде жалғыз ұлы болады. Оның атын Қазақ деп қой –деп жантәсілім қылыпты.
Алаш әйелі өлген соң бие сауымнан кейін көріне барса, моладан ыңырсыған дауыс шығады. Дереу көрді ашып жіберсе, өлі әйелден ұл бала туғанын көреді. Үйіне әкеледі. Сонымен ол баладан, Жайылдан, Қазақ деген жалғыз ұл көріпті.
Осымен тоқтай тұра Жықыш Хасеновтың “Әлеми сақ” кітапбына көз жүгіртсен деймін. Сақ елінің ұлы көсемі – Оғұз қахан (Оғыз намадан) қысқасы. Оғұз – үшқыр оғын алысқа ағындатқан деген мәнінде.
Оның тегеурінуі жеңіскер екенуігін бейнелейтін атаң, ал оны шын есімі кім?
Оғұз намадан бізге Оғұз қағанның өз кіндігінен алты ұл болғандығы белгілі. Бәйбішеден туған, Күн, Ай, Жұлдыз, бұлар басқарған ел үш оң – ішкі Оғұз аталған. Енді осы үш ақтарды тиянақталық.
1. Үйсіндердің бас биі былайнша айтқанда, Төбе биі – Күн би делінген.
2. Күн би есім емес лауазым атақ.
Өйткені Үйсіндердің белгілі болған алғашқы Күн биі Нәнуі биі одан соңғы Күн би Елжеш би одан әрі тағы солай жалғасы береді. Әр бидің есіміне Күн би қосылып айтылады. Бірақ мына нәрсе шындық, Күн Оғұз қағанның үлкен ұлы. Оғұз қаған қайтыс болған соң оның орнына ең үлкен аға Күн билікке келгені анық. Ал Күн би ең алдымен Үйсіндердің биі. Үйсін Қазақ руларының аға тайпасы, ол Үйсіндердің түн атасы алаштың үлкен ұлы Аңарыс. Ендеше Күн лауазым атаң болғандықтан Үйсіндердің бірінші Күн биінің есімі Анарыс болғаны. Бұл оның шын есімі, ал оғұз жоғарыда ташылғандай, оған берілген, ұшқыр оғын қиянға ағындай,оған берілген, ұшқыр оғын қиянға ағындатқандықтан мәртебелі ашық.
Күн-Анары, Ай-Бекарыс, Жұлдыз-Жанарыс. Олар билік дәріжесіне қарай, Күн, Ай, Жұлдыз аталған.
Демек қазақ елі Оғұз Алаш қағанның және оның нақты мұрагерінің басқаруында болған ел. Өйткені Қазақ-Алаш, Алаш-Қазақ ажырамас бір ұғым.
Оғұз қағанның алты ұлы болғандықтан алты алаш біз яни, алты арыспыз – дейді. Бүкіл Үйсін екі өз ішінен ең қанат,сол қанат және орта деп үш әскери әкімшілікке бөлінген. “Қорқыт ата кітабында” баян үшашбар мен боз оңтар нақ осы қазақ елі екені айқын. Олар ішкі оғұз, сыртқы елі екені айтқын. Олар ішкі оғұз,сыртқы оғұз –алты алаш қазақ елі өздерін Алаш десе, Түркілер бұларды оғұз деген. Оғұз, Алаш бір адам, бірақ екі тілде екі түрлі қалыптасқан, оғұз – атақ, Алаш – есім.
3. Түркімендердің ұраны да “Алаш” болған, бұларды Қарлұқ –ұлық түріктің бір тайпасының ірі қолбасы – Ұлық Түрік оғұздар жорығына қатынасып басшылық еткен.
4. Кеген аудамының Қарқара жазығынан ұлыс таңбалы сын тас 1966 жылы табылған. Сол таста “ Алаш алты алаштың ханы еді ”.
5. Қазіргі жыл санаумыздан бұрын Европа,Азияның батысындағы Кипр аралы “Алаш” аталғаны мәлім. Оғұзнамада оғыз қаған Рум мемлетін жеңгеннен кейін әрі кетеді емес пе? Ендеше Оғұз қаған Кипр аралына барып бірау уақыт қоныстады. Кейін қазақ елі терістік Кавказға қоныстады. Бұл Оғұз қағанның өсиеті бойынша ұлдарына, туыстарына, қолбасыларына елді жерді бөліп беру нәтижесінде Кипр аралы Әпенин түбегімен қоса оның күңнен туған ұлы Рымға бөлінуінен. Үш оқтар мен Бозақтар кейін серпіліп өздеріне бөлінген қапқазға орналаснты – деген сөз.
Абылғазы шежіресінде, Оғыз қаған ұлдарына,қолбасшыларына күннен туған ұлдарына Шам уалайтында янші берген дейді.
6. Оғұз қаған өзінің жарық жарлығында “Күн-ту болсын” дейді.
Жартастарға салынған күн бейнелері,күн бейнесі салынған ту көтерген жауынгер суреттері сол Алаш қаған кезінде салынған деп білу керек.
Демек бұл халық өздерін сақ демей күн деген, күн күндер жорығы (гүн,ғұн,хүн) деген атаулар осыдан туындаған.
Күн – сақ, Сақ – күн, Алаш – Қазақ, Қазақ – Алаш. Қорыта айтқанда.
Алаш – есім, Оғұз – атақ. Күн, ай, жұлдыз билік дәриже. Ең алғашқы Күнби (қазақтың)-Ақарыс (үлкен ұл). Ай-би-бекарыс(оратша ұл). Жұлдызби жанарыс (кіші ұл). Бұлар бәбішеден туғандар. Күндер жорығы Алаш қаған бастаған. Кунсақан елінің әкелді билет алу жорығы.
Олай болса қазақ аштауының мәні не?
Қазақ–қаз+ақ. Қаз–тутас қалпыда, жігерлі, екпінді,тығыз ұйысқан, нысаланы құлатпай төңкеріп тастамай,басып алмай, айып түспий тынбейтын қозғалыс бұл дыбыстың мән. Ал Қаз-тұлғалық мәнде, өз аяғымен, өз күшімен мығым болып алға ұмтылған қуатты өміршең қозғалыс. Ақ–барынша жетілген, үздік үлгі. Сонымен: Қазақ–ең үздік жеңімпаз Жауынгер, қас-жауынгер, гвардия. Сол себептен: “Қазақ баласы қалғымайды қалғыса да жығылмайды” –дейді.
Былайша айтқанда қазақ баласының қапғуға құқы жоқ. Шаршап кетсе ат үстінде қалғып та кетер,бірақ жығылуға болмайды, қазақтың жығылғаны-өлгені –деп тұр. Осыдан қазақ қанына жауынгерлік дәстүрдің қатаң тәртібі, қатал тәрбиесі қаншалық терең орнығып, тамыр тарқанын бауқауға болады (Шыңғыс хан жауынгерлерінің барлық –дегі қазақ болған –өзі де қазақ, мұны алдыда қозғаймыз).
Сөзімізді қорытсақ:
Оғұз қағанның нақты есімі Алаш. Алаш қазақ егін ұйымдастырған тұрғын көсемі. Сондықтан Қазақ–Алаш, Алаш–Қазақ бір ұғым. Қазақ – қас жауынгер, сондықтан Алаш қаған өз әскерін “қазақ” деп атаған. Азиядан шығып Европаны Африканы түгел жаулап әлемде тұңғыш рет аса ірі империя Құраған Оғыз қағанның қас дауынгерлері – Қазақ аталады сонымен салыстыра қарасақ “ Әлеми сақ” Қазыбек бек бабамыздың шежіресіне үндесін бірін–бірі толықтырғандай болады. Енді шежірезді жалғастырайық.
Қазақтан екі ұл болыпты: Жұман, Тұман. Сонда былай болып шығады.
Қадыр→Алаш→Жайыл→Қазақ→Жуман,Тұман. Сонымен Қазыбек бек бабамыз былай дейді: “Бұдан кейінгі айтылатындарға бұл кітапты оқыған адам нубә келтірмесе де болады. Өйткені ендігі әңгіме тек біздің түп-тұқианымыз Жұманнан тараған ұрпақ туралы болмақ”. Жұманның екі ұлы Арыс, Сабыр аталады. Арыс деген кісі шамадан тыс бірі,өте күшті, айбатты адам болыпты.
Міне, барлық қазақтың “ой мынау Арысым екен”, “Арыстай кісі екен”, дейтіні осыдан шыққан. Міне бүгінгі 1154+622 жылында тірі жүрген қазақ атаулының атасы осы кісі. Европада ерекше елміз, Арыс ұрнағымыз дейтіндер бар. Оны біз Өтеген (атақты Өтеген батыр Жоңғар шапқыншылығында Қазыбек бек бірге болған) екеуіміз Дунай дайрасы жағасынан кездестіргенбіз.
Арыстың өз аты Анарыс болған деседі. Шешесі еркелетіп Арыс атап кеткен.
Ол ілімді Европа елдерінде алып, көп ғұмырын өткізіп, өз еліне келгенде 12 жыл тұрыпты. Ол артына пәлсафа қалдырған. Жазба Майқы заманына дейін келген екен. Европада көрген өнегелерін өз патшалығына енгізуге ұмтылған. Ол өзінің туған ағасымен осы жөнінде келісе алмай мерт болған. Арыс Европа өзінің туысқан Тоқсары диуанамен бірге аралаған.
Патшанын қандай болуы керектігі туралы айтамын деп туысқанына жақпаған. Өз еліндегі соңғы 12 жылында артында алты бала қалдырған. Өзі де тұқымым көп болады де есептеген. Арыстың алты ұлы болыпты: Ақ, Пан, Жан, Бол, Бек, Бал. Сол бір заманда Арыс атамыз Тәңір тауының маңын қыстайды екен. Атамыз алты баласын үшке бөліп, екі-екіден еншілес етіп қойыпты. Алғаш ек ұлы Ақ, Пан жылқы кезегіне кетіп, Тәңір тауының түбінде мұздап дүние салыпты. Ақ алтаудың үлкені одан бала қалыпты. Пан үйленбеген одан тұяқ қалмапты.
Тәңір тауының Ақпан деген шоқысында осы Ақ, Пан өлген екен, содан Ақпан аталған. Бал заманында қатал хан болған. Елді қатты ұстаған хан туралы жұрт “аты Бал, ісі сал” деп мәтел шығарған. Сарарқада Балқан аталған тау да соның атынан қалған. Ал Жан мен Бек – екі ұлдың тұқымы кең тараған. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп жүргеніміз – Арыстың үш баласының аты. Ақ деген кісінің Киікбай (Кейкі) деген жалғыз ұл болған. Одан Төбей, Моған екі ұл. Моған да Төбей де заманында ел билеген. Ал Моған баласы Далабай елдің батыс жағын билеуге жіберіледі. Моған мен Төбей тұсында Қытайдың біраз елі оларға алым-салық төлеп тұрған. Олардың орталығы Жетісудағы Үш шәһәрында болған. Бұл екі хан Европа елдерінің көбімен елеуілін алысқан.
Қазіргі 1454+622 жылында Ұлы жүзбін дейтін қазақтардың бәрі дерлік Төбей тұқымы.
Оны Төбей би депте атайды. Үш жүз, әсіресе Ұлы жүз, Кіші жүз деген алан заманнан кел жатыр. Төбейден – Бақтияр, Бәйтерек, Жаңылық. Бақтияр біздің пұстымыз болғандықтан кейінге қалдыра тұрып, Бәйтерек тұқымын әңгімелейтін. Бәйтеректің баласы – Қоғам. Қазіргі Қаңлы, Шанышқылы (Қатаған) соның тұқымы. Жаңылықтан тұқым жоқ.
Қаңлыдан Қанкөжек, одан Келдібек, одан Сары, Қара, Қызыл. Міне, Қара қаңлы, Сары қаңлы, Қызыл қаңлы осы болады.
Шанышқылыдан (Қатаған) Сымыршақ, одан төрт бала Айрылмас, Саңырау, Дархан, Бектау.
Бақтияр – біздің бабамыз (жанатыр ұраны Бақтияр) оның төрт ұлы –Қотан, Қора, Болат, Алшын.
Қотан деген кісіден Үйсін екен. Қотанның көп баласынан үш ұл –Үйсін, Байсын, Исін қалыпты.
Ол кезде атаймыз Қаратауды қоныстанады екен, жаз жайлауы кейде Талас Алатауында – Сусамыр, кейде Тұрпан асып Үйсін тауына көшеді екен.
Ал Үйсіннің екі інісінің (Байсын, Исін) қонысы өзгермей барлық уақытта Қаратау қойнында Ұзынбулақ деген жерде болады.
Үйсін деген кісі ел билеген. Бар Ұлы жүз Үйсін атаныпты. Үйсін өте көп жасап хандық құрған кісі екен. Екі-үш жыл сайын Шымбас, Талас, Шуас, Лабас асып “ата-баба қонысын көремін” деп Тәңір, Ақпан тауларына келіп тұрыпты, одан мұзарт басып, Арқас, Тұрпан асып, Ерен қабырғаның арт бетіндегі Үйсін тауына барып, Семкерегеге барып монғол қытай жақ Қоныс теуті. Үйсіндер көшкенде “Үйсін асқан” Көкаграқпен де жүріпті.
Үйсіннің Бай, Нақ деген екі ұлының үлкені алғашқысы біздің атамыз болады. Бай әке тағына ие болмаған, шаруасын күйттеген дәулетті адам болған. Інісі қойшылықпен күн көріпті.
Байдың екі ұлы Шора, Ырза қайта хәкімдікке көтеріліпті.
Шораның ұлы Алым, Қарнақ екеуі екі елді билепті. Жетісудың Лабас тауының Бұғамүйіз, Бесмойнақ жерінде Жаманты өзенінің бойында Алым қайтыс болыпты. Алым бұлағының аты осылай шыққан (1139-622 жылдары Дулат, Шапырашты жайлайды).
Алымның екі ұлынан Есен, Жарбол балаларынан біріншісі – біздің атамыз.
Оның Асау, Берік деген ұлдары болған. Асау да ел билеп, көп елді, жерді өзіне бағындырған.
Асаудың:
Жүз, Дүз, Еркіл, Көркіл, Терен балаларынан біздің бабамыз жүзден Дәу, Бас туыпты. Бабамыздың аты Дәу болмаса керек, ол ірілігіне, батыр тұлғалығына қарай аталған. Өз аты Азан болса керек. Бірақ оны олай ешкім атамаған.
Дәудің ұлы Елсау, Жантай мұсылман жылдығынан 900 бұрын Шүлен деген жерде дүниеге келіпті. Ағайын ала болып, Дәуді өз туыстары Үйсін түқымының бірі өлтіріпті. Әкесі өлген соң екі ұл, әкенің дүбірі болған Бөже деген кісі қолында тәрбие алған. Бұл жерде ел арасында не түрлі аңыз бар екенін айту керек. Соның бірі Елсауды нән бөрі емізді деген әңгіме. Бұл әңгіме нақ осындай болмағанымен, осыған жуық растығы бар болса керек.
Мен мұны өтірік дегім келмейді. Күшігін алғызған төрі Алатау өңірінде бала ұрлап әкетіп емізген кездер болған. Қазірде де бар “Алма апамнан аланды, таутан ұрлар балаңды” деген осы дағы.
Міне, сол барыс емізген бала Елсау ер жетіп, арғындар көмегімен еліне қайта ие болады. Арғын бауырлары арасында жүріп, соғыс өнеріне әбден жетіліп, одан өз елінен қашқан аталастарынан қол жинап қайта өз елін, билікті қолына алады.
Бұл кездері ел ала болған соң, Бақтиярдың біраз баласы елі-үш ауылы Иран жеріне өтіп кетеді. Оған Ұлы жүздің тағы бірсыпырасы ереді. Соларды қайтарып алу үшін, Елсау көп қолмен сақтарға шабуыл жасайды.
Бірақ жеңіске жеткенімен олардың бәрін қайтару жөнге келмейді. Осы дәуірде олар Бақтияр атпен тарихи мәлім. Қазіргі Иран жеріндегі Бақтияр аталамдардың бәрі – бұдан 800 жыл бұрын кеткен біздің аталастарымыз.
Бұл шақты бабаларымыз Іленің екі жағасын, Көктеңіздің батысын-шығысын, Лабастың (Алатаудың) баурын алып жатады.
Еліміз қатты шарықтап өсіп, халқы да толып, 100 мың қол шығара алатын икемге келді. Елсауды ел ардақтан Күн би атаған Елсау билік құрған кезде Үйсіндердің күшейуінен Қытай қатты іш жиып қалған. Оның миллионға тарта жұртынан 200 мыңдай сайлауыт шыққан. Қытай патшалығы нақ осы кезден біздің жерімізге көз алартуын көбейткен. Елімізді ішінен ірітуді де ойлап, не түрлі айла-шарғымен бірімізді бірімізге айдап салып отырған. Ұлы жүздің өзін өзіне айдап салу, Қаңлылардың Елсау елінен Ұлы жүз атымен бөлінуі, Бақтиярлардың Бақтияр атпен бөлінуі, Елсау елі кәдімгі Ұлы жүз еместей, Бақтияр Бақтияр еместей көрсетілуі сол шет жүрттардың ел арасына сына қағып, сабан арасына су жібергені болатын. Менің атам Матайдың айтуына қарағанда, Қалмақтарды бізге күні бүгінге дейін айдап салып келген де сол арқамыздағы көзі қысық, тісі қисық, тісін жасырып, тілін көрсеткен, беті күліп, іші ұлып жатқан қытай хандарының ісі, пәлесі болатын.
Елсау атамыз әйелін арғыннан алған. Біздің шешеміз Ұмай бәйбіше Арғын Аспар деген кісінің қызы. Оның үстіне қытай патшалығы да ол кісіге қыз берген. Бірақ Елсау би Қытайлардың күнбе-күнгі елшілігі-жаушылығын өзінің Арғын ағайындарымен ғақылдасып, оларды үнемі хабардар етіп отырған.
Арғын қызы Ұмай – біздің шешеміз – он үш құрсақ көтеріпті. Жалпы, Елсау атамыз бес әйелінен 23 бала көріп, соның оны тіреп тұра қалыпты.
23 баланың үлкені Нулы, одан кейінгі тоғызы Дулы, Ерте, Кек, Бер, Көнбіс, Шор, Қалыш, Дүр, Көлби. Қалыш кейін хан болған.
Атамыз Нулы әкесі Елсаудың ұсынған көрші елдегі тағына отырудан өзі бас тартып, тете ініс Дулыны әкесіне балап таққа ұсыныпты. Сонда қалған сегізі атамыз Нулыға өкпелеп: “Басыңа келген бақты аяғыңмен тептің, өйтетінің бар, неге ортаға салмайсың” деп бірге көшіріп, Алатауды сағалап кетіпті. Ол биді ордасы Барсығанның шығыс жағында екен. Таққа отырған інісі Дулы да ағасына сый көрсетіп, таққа отырып Үйсінді биледім демей, қызыметін таңертең оразасын ашпай тұрып, ағасына амандасудан бастайды екен, кешке жатарда ағасымен қоштапай ұйықтамайды екен.
Сондықтан жеңгелері “Есен бек” атандырыпты. Жужаңдарға қарсы Үрбі одағын құрған тарихқа мәлім Естем қаған да осы Дулының тұқымынан болатын. Оның ордасы үнемі Барсығанның шығыс жағында Құяста болған. Ол – жарты ғасыр қазақ даласын кезіп, жерін жаудан тазартқан адам. Атамыз Нулымен бірге туған Дулы ұрпағы кейін Бәйдібек немересі Дулаттың тұқымымен араласып кетті де, бәрі Дулат болды. Моғол жерін билеген Дулаттар осы арғы Дулы тұқымынан келеді. Моғол деген атау да (Абыл) ұрпағына берілген есім. Ал Мұхамед Хайдар, яки тарихшы Дулати ол соңғы Дулат ұрпағынан. Нулы атамыз әкесі Елсаудан бұрын жастай 22 жасында кетіпті. Артында төрт ұлы Абыл, Албан, Азық, Санжар (Жөңше нар) қалыпты, Нулыны ардақтап Үш-Қарашқа қойған. Осыдан кейін ақ Елсаудың да денсаулығы болмапты.
Елсау 74 келгенде, Қытай ханы Жетісуға жіберген елшісінен мол мағлұмат тыңдап, Үйсінді алу үшін оларға қыз алысып, қыз берісіп, солар арқылы билеу керек деп қорытынды жасаған. Сөйтіп, қытай патшасы Ұранфай бір қызы Шәйжанды біздің атамызға ұзатыпты. 80-ге тақаған, өзінің де бес әйелі бар шал оны алмай, Шәйжанды немерсі Саржанға қосыпты. Үйсін ханының нақсүйері боламын деген шешеміз жай ел билеуші көп қазақтың бірінің әйелі болғанына ыза болып, ақыры 5 жылдан кейін қайтыс болды.
Елсау би дүние салып, осыдан 1980 жыл бұрын қайтқан соң, көзінің тірісінде таққа отырған Санжар – Жөңше нар қытай қыздарына құмарлау болып, бірнеше әйелді қытайдан алған. Ақыры қытайлар дегеніне жеткен. Қытай әйелдері осы күшті мемлекетнен ыдырауына себеп болған. Өйткені қазақ әйелден туған балалар билікке қолы жетпесе де, олармен алагөз болып, ақыры елдің күші қашқан. Қытайға керегі сол, енді бұл ел өзіміздікі деп есептеген.
Төртеудің үшеуі Абылдан – Абыл елі, Албан биелеген уәлайаттан Албан елі, Азық билеген елден Азық елі пайда болған. Осы үлкен елдің бәрінің басын Санжар қосқан. Бірақ нақ нәле осыдан болған. Оның үстіне осының алдындағы Нулының өзіне тете інісі Дулы да, оның балалары да Санжардың, Қытай әйелдерінің істеген, іннің түбіне қарап жатқан қылығына келісе алмаған. Ел төрт-беске бөлінген.
Елсаудан кейінгі аталарымыз аталы-балалы Нулы, Абыл,
Абылдан – Қайыр, Қарғын, Тарғын.
Қайырдан – Бақ, Шақ, Асық.
Бақтан – Таң, Таңат, Шарт.
Таңнан – Пәр, Өрт.
Пәрден – Мән, Кен, Кеме, Тоқ.
Мәннен – Майқы, Мойыл осы жеті ата, яғни, Нулы, Абыл, Қайыр, Бақ, Таң, Пәр, Мән бәрі де Майқыға дейін ел билемеген, бірақ жұртты ауызына қаратқан, дәулетті жандар болыпты.
Сондықтан да өздерін осылардың ұрпағымыз дейтін үйсіндер қашанда “Арғы атам Абыл, Қайыр, Бақ, Таң Пәр, Мән” деп отырады. Мен қытай жазбаларын да, парсы жазбаларын да, тарих кітаптарын көп шарлаған, қараған адаммын. Онда бәрі шатасып жатыр. Әрқайсысы өздерінікін жөн деп айтпақ болады. Ал Қытай тарихына қарар болсақ, олар үйсіндерді өздерінің бір елі етіп, олардың жерін иемдену тұрғысынан тарихын түзетіні айқын көрініп отырады. Оның бәрі тарих болғанымен қызық емес расы да аз Абылдан туған үштің бірі Тарғын көп батырлық қылған, Иранға кеткен Бақтиярларға, Ирандағы – қызылбастарға шабуыл жасаған. Қырымға да соғыс салған.
Ендігі әнгіме Мәннен туған Майқы атамыз туралы. Бұл кісі бүкіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстінде ғәділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам және Майқы атамыз сондай шешен болыпты. Жаңша бастаған ханзулардың үйсіндерді билеу әрекеті талай жерге барды. Санжар биді қытай қыздары қалай болса солай басқарды. Енді үйсіндерді қалай терістік қазақ еліне қарсы қоюды ойлады.
Санжар қартайған соң таққа енді Дулу баласы Оңқай отырды. Сол кезде ағасы өліп, жесір болған жеңгесін нәмеңгерлік жасап Оңқай алды. Бұл шынында, Оңқайдан гөрі Санжардың тоқалы Жиеудің құрған торы болатын. Жиеу Санжарды буындырып өлтірген екен. Жиеу Оңқайдан үш ұл, екі қыз туып, олардың бәрі уәлаяттарды бөліп алып билеп тұрды. Жиендерінің берген мағлұматымен ханзулар жер қайысқан қолмен ежелгі жауы терістік қазақтарын жаулап, әбден олжаға кенелді.
Жиеу тор құрып Оңқайға тигенде, таққа Санжардың басқа әйелінен туған ұлы Айбын палуан отырып қалды. Жиеу енді соған тиіп, өлтірмек болғаны білініп Айбын палуан құтылып кетті. Әсіресе Айбын осы ішкі торды үзуге қатты күш салды.
Ақыры Жиеудің ойы жүзеге аспай, таза үйсін Өжет билік етті. Осы жерде мысы құрыған Жиеу төркініме (қытайға) барам деп кетіп, содан қайтпады.
Осының барлығы қандарын қайнатып жүрген қазақ өз арасынан Майқы сияқты шешен шыққанда, соған ауызбірлік көрсетті.
Мұхаммед пайғамбарға дейін 634 жыл бұрын таққа Мән бала Майқы отырды. Ел астанасы Үш Қараш астындағы Шығу қаласы еді. Елдің ол кездегі Майқы таққа отырған кездегі сырхды (шекарасы) қазіргі Жетісу, Тарбағатай, Шымбас, Талас, Лабас, Арқас, Шуас, Теріскес, Күнгес тауларының бәрі дерлік қарайтын-ды. Терістігі Көкше теңіздің терістігіне таман, батысы Шу бойын тегіс алып жатқан. Түстік шығысы ежелгі қоныстың бірі − Үйсін тауы болатын. Майқы таққа Сыйлы биден кейін келіп, 29 жыл елді биледі. Сыйлы би 20 жыл билеген Майқы билікке келгенде, еліміз қорғасын ерітіп, мыс балқытатын жағдаятта келген еді. Бүгін таңда менің үйімде сол кезде құйылған жорықта артып жүретін, ошақпен бірге кұйылған кіші-гірім қазан (1 қой еті сиятын) тұр. Оның құйылғанына міне 1700 жыл болыпты. Ол біздің атамыз Бәйдібек бай ұстаған қазан екен.
Елсау би кезінде де, Майқы би кезінде де елде қойдан кейінгі көп мал жылқы болды. Сол кезде адам басына 10-15 жылқы екен. Майқы дәуірі бейқұтшылық болса керек. Өйткені батысы Бақтияр балалары − Байсын, Исін балалары; батыс терістігі Байтерек балалары − Қаңлы, Шанышқылы, Арыстың Бек балалары; Терістігі, Шығыс терістігі Арыстың Жан, Бал, Бол балаларының тұқымы. Сөйтіп, Майқы дәуірі төңірегін өз туысқандары − қазақтары қоршаған бейқұт заман болыпты.
Енді Арыстың Ақтан басқасының тұқымының жайын айтайын, ағайын өкпе артасын деп.
Ақтың балларын − тұқымын айтып келемін. Паннан бала қалған жоқ. Ендігі төртеуі Жан, Бек, Бал, Бол.
Жан деген кісіден Ар, Құн деген екі бала болатын. Ардың Су, Ау, Қаз; Құнның Шылап, Мас, Хат деген балалары болыпты. Қазіргі Арғын деп жүргеніміз осы екі ұлы адамның алты баласынан тараған ұрпақ. Олардың бірігіп Арғын аталуы Алтайға ауған заманнан.
Бектен Алшын деген жалғыз ұл болыпты одан Бай, Дөй, Жете, Әлім. Қазіргі кіші жүздер − осы төрт ұлдың тұқымы.
Болдан − Қып, Шақ, Қоң, Рат. Қыптан Осқы, Тор, Мал; ал Шақтан Ер, Ұр, Жие, Төк деген балалар болыпты.
Балдан – Уақ, Керей, Нау, Ман. Уақтан – Нір, Ере. Керейден – Ес, Жүн, Бұр. Наудан – Анды, Сан, Бай, Ек. Маннан – Мір. Қазіргі наймандар осы бес атаның тұқымы. Бал мен Бол ұрпақтары Ақ, Жан мен Бек тұқымына туыстығы бірдей болса да, кейінірек Жан тұқымын қарай бейімделіп, Орта жүз қосын құрады – Жан, Бол, Бал. Аталғандардың һәммесі – Бақтияр, Үйсін тұстастары.
Майқы атамыз ғақылымен ел билеп һәмбесін, Абылдың өзінен басқа үш баласының тұқымын, Абылмен бірге туған Азықтың, Албанның, Санжардың тұқымын, одан басқа Арыстан туған бесеудің (Ақ, Жан, Бек, Бол, Бал) тұқымын қолына ұстауға тырысыпты. Соның бәрін соғыссыз, ұғындырумен жасаған.
Сонау Иранға кеткен Бақтиярдың басқа балаларының көбісін өз төңірегінде ұстаған. Бірақ нағыз лауазымды адамдар 12−13 адамнан артпаған. Майқы көз жұмғанша бір ру қыңқ демей, бейқұтшылықта тұруы көрші қызылбастарды, қытайларды, жаңа бас көтеріп келе жатқан Жоңғар қалмақтарын қатты жиғызған.
Басы біріккен қазақ енді Жетісудан Арқаға – Алай ормандарына дейін, Арқадан Жетісуға, Алтайдан Ақжайық, Ақедірге дейін жайлап жүрген. Майқы төңірегінде дана адамдар көп болған Әндір, Мәді (Азық жұртынан) аспан ғаламының тілін жақсы білейтін. Майқынының өте ғаділ биі – Жалан баласы Аяз би және Құмырсқа би екен. Майқы билік құрып отырып қалғып кетіпті. Жанындағы билердің бірі мұны ұят көріп, Майқы үйқысынан сергісін деп, тамағын кенеп жөткерініпті. Сонда көзін ашып отқан Майқы:
– Қап, шіркін-ай, аяғын біле алмай қалдым-ау! – депті. Түсі қашып сөзді өзі бастапты: − Көзі қысық, тісі қисық түстіктегі жаудан (қытай), көзі шегір, өзі жемір жаудан (орыс) үрім-бұтақ, зау-затым көп қорлық көріп, көп азап шегеді екен. Тілін де дінін де құртады екен. Аяғын біле алмай қалғанымды көрдіңдер ме?! Ұрпағымның керегесі сөгіліп, көз жасы төгіліп, жігері құм болып, үгіліп, уығы қаламынан қарс айырылып, шаңырағы шарт кетіп шайқалатын кез болады екен. Ұрпағым ынжықтық көрсетіп, оның айтқанына көніп, айдауына жүріп, зорлығына, қорлығына мөнді-мөнді деп, ұзақ уақыт соның табанында таусылады екен. Әттең шіркін, аяғын көргенімде, шаңырағы шайқалмауының амалын осы бастан іздестірер едім. Мажалы алғашқы бағыну-жағынуды, шағынуды да өз тұқымымыз бастайды екен. Көзі шегір, өзі жемір, жүн бас, талқаяқ жегені жалқаяқ жұрт (орыстар) елдің батысынан келеді екен. Әттең...
Енді бір күні Майқы таң тағына отырып қобыз алып гөй-гөй тартып, ұзақ қиналып отырған, “О дариға-ай, о дариға-ай!” – дей берген. Сонымен мынадай өлең айтып қоя берген:
– Болғанда ақырзаман саулайды жел ,
Тоқтыға мың қарабас бір қозы тел,
Шәй, шырайлым, Бойдайталай,
Ой, о дариғп-ай!
Тоқтыны мың қарабас еміп тұрып,
Зарлайды тоймадым деп пәруәрдігер.
Болғанда ақырзаман су тартылар
Жігітке қарап тұрған қыз артылар.
Көз жұмысам, һәмме бүлік көріп тұрам.
Бұдан соң қалай көңіл шарты болар.
Хан жанына тақау, оң тізесін баса отырған Аяз би Жаман баласына қараса, жалғыз өзі жылап отыр екен.
– Жаманнан туған жақсым, жанымды түсінген, жанымның жарасын ұққан жалғызым – деп Майқы би Аяз биді құшақтап, бетінен сүйіп, өзі де көзін сығып алыпты. Майқы кезінде Абыл, Азық елінде екі жүз мыңнан аса қол бар екен. Оны көбіне Құмырысқа батыр басқарған.
Майқының Әриайдай, Бойдайталай деген апалы-сіңлілі екі әйелінен он шақты бала көрген екен. Содан Ұзын, Қортық деген екі ұл ғана тірі қалған.
Майқы бабамыз: “Мен туған жылы ғарап жеріндегі мұнаралы шаһарды құм басып, жоқ қылып жіберген”, – деп отырады екен. Ол Хижра жыл санауынан 711 жыл бұрын дүниеге келіп, 89 жасында дүние салыпты.
Ғұмырын Алатаудың бауырында өткізіпті. Өлерінде Қазықұртты мекендепті. Аныт-қабыр қалмаған. Майқы қартайып жетпіске ілінген кезде, тағы бір ғаламатты айтты. Тағы да көзін жұмып алған. Бір заматта көзін ашқан Майқы би жүрегі жаман болған адамдай, құсқысы келгендей түрі қашып кетіпті.
Бір уақытта сөйлепті:
– О, дүние, не болар сенің ақырың, – деп бастапты ол сөзін.
– Өзімізді өзіміз қыратын да заман болады екен, шығыстан келер сары сақат өз тұқымымыз, (Шыңғыс хан) жұртымызға аз қорлық көрсетпейді екен.
Талайдың қанын жүктейді екен. Елімізді мына мен үш жылдан кейін жүнбас шегір сарылар басқарар болар (орыстар). Оларға жаркүшіктенер де өз тұқымымыз болады, басқындар Бек тұқымын (кіші жүз) 300 жыл, Жан, Бал тұқымын (арғын, керек, найман орта жүз) 250 жыл, Ақ пен Бол тұқымын (Ұлы жүз) 100 жылдан аса биледі. Билеушілер осыдан 2000 жыл өткен соң іріп-шіри бастайды. Өздерін өздері құртайды, қаратқан елінің бәрін ол шаян болып шаққаны сияқты, түрі өзге бодан жұрттың һәммесі оларды жексұрын көрсетін болады. Бірақ еліміз олардың билік жүргізген кезінде қатты бұзылады, – деп барып, аяғын тақпақтап кетіпті:
– Әлі заман өзгерер.
Өзгергенін көз көрер,
Мінгенің арба болар,
Бар құс қарға болар,
Жансыз арба ат болар, (машине)
Өз балаң өзіне жат болар.
Темірден құс болады, (самолет)
Ұрпағымның көргені сұс болады,
Адам басы ауырып дақ шатылар,
Базарында сұйылып сүт сатылар.
Еркек билік тұл болар,
Сиыр пұл болар,
Еркек жасып и болар,
Қатын тұлданып би болар.
Алғаның ғарабы болар,
Құттың қорабы болар.
Төсекке есеппен жатарсың,
Жыныс зарпын ақшаға сатарсың.
Иекке тиер қызық аз болар,
Адам шаштан айырылып таз болар.
Он бесте азуынды аршырсың.
Тумысыңнан тамаққа таршырсың.
Баққаның өсек, сөз болар.
Тастан аяқ болар,
Балаң саяқ болар.
Сары судан ас шығар,
Балаң өзіңе қас шығар.
Жер тақыр болар,
Жұрт пақыр болар.
Осындай қилы заман болар.
Енді төрт мың жылда
Дүние тамәм болар.
(Таң қапарлық, не деген көрегендік, шіркін, Майқы бабам ай!!!) заманында Майқы бабам би артына көп мұра қалдырған.
Оның бірсыпырасын менің әкем Тауасар, Матай ұлы, Саршуаш ақын осылай айтар еді деп айтып отырар еді. Әкемнің бірақ күнде өлерін біліппін бе, (Тауасар, Жоңғар шапқыншылығында, қрыста мерт болады) Өлерік білсем, жазып алып қалар едім ғой ойда қалғаны осы. Майқыдан кейін Қаңлылар бас көтеріп, һүндерге болысып, Үйсінге біраз қыңырлық, сатқындық жасаған. Өз туысқанын сатқан қаңлылар кейін ауыл-ауылға үш-төрт үйден бөлініп жіберілген. Екі ұлы Ұзын, Қортық, айранын ұрттап қойын құрттап ғұмыр сүріпті. Ұзынның баласы Сақ пен Ақыш. Сақтан Ал, Баран деген екі бала. Біздің атамыз Ал дүниеге келгенде, қып-қызыл өрттей болып туыпты.
Ал деген кісінің Иба, Күлсін, Тұрсын деген бір ұлы, екі қызы ғұмыр сүріпті. Майқы би айтқан екен: “Менің өз кіндігімнен ұрпақ көп болады, бірақ көпке дейін елге қызмет етер адам шығуы екіталай”. Сол рас болып, Ибадан қалған үш ұл – Райым, Ортақ, Бекем ол тым момын жандар болған. Райымның Бармақ, Қарақ екі ұлынан біздің Бармақ атақты ұста болыпты.
Ол үнемі хан, би тұқымдарының киімін алтындайтын даңғайыр зергер екен, оның атағы сонша Мысырдан, Бағдаттан, Ромнан адам іздеп келеді екен.
Ол кісі заманында ақын болған, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын сол кісі жырлапты. Өзі салдау адам әйелден әйел алып, бес әйелдің төртеуінен 21-ұл көріпті. 18-і кесепінен өліп, Он, Ортан, Асан деген үшеуі қалыпты.
Он да, Ортан да ойды орып, қырды қырған өте пысық, шаруаға қырлы адамдар болыпты. Он мен Ортан, Сарбастау деген жерді мекендепті. Ал Он мен Ортанмен бірге туған Асан тұқымы осы күндері Қызылбас жұртында, қайтпады.
Онның ұлы – Тағар, Бағыл.
Тағардан – Озбай (Оразды) мерген екен. Ораздыны соғыста ылғи жеке батырды атып түсіруге жұмсайды екен. Сондықтан сол заманда “Ораздының оғынан сақта” деген мәтел болған.
Озбайдың (Ораздыдан) он ұлы – Оңбай, Жекебай, Отанбай, Отарбай, Өрбай, Торбай, Балбек, Есен, Аман, Тоған – әмбесі шетінен сен тұр, мен атайын батыр екен. Тарғын хан Қырымға шабуыл жасағанда, соның қолында бұлар зор ерлік көрсеткен. Ол кезде Тарғын хан жас 20-ың ішінде, Озбайдың осы он ұлы қатарлы екен. Тарғын, Талас бойына қайта оралғанда онын он елге би жасаған. Осыдан алты жыл өткенде Тарғын хан тағы да теңіз жағасындағы елге шабуыл жасаған, онда да жеңіске жеткен. Бұл хижра жылнамасынан 72 жыл бұрын болыпты.
Бұдан кейін кешегі Майқы заманында дүниеге даңқы кеткен ел ыдырап, екі-үш бөлінген. Дегенмен Ораздының он ұлы атқа тегіс қонғанда дұшпаны тітіреп тұратын болған. Сол кездері Ораздының он ұлының біздің атамыз Оңбайдан басқаларында әрқайсысында 10-12 ұлдан бар екен, оның тұқымының өзі, Майқыдан тарағанның өзі жер қайысқан қол болған.
Оңбайдан – Егін, Тегін, Бегім. Егін атамыз өте момын адам болған. Момындығы сонша – алдына әкеп қойған тамақты іш дегенше ішпей мелшиіп отыра береді екен.
– Ішпей неге отырсың? – дегенге,
– Іш деп айтқан жоқ қой, − дейді екен. Оның есесін Егіннің – Азбан, Айбек деген екі ұлы өте пысық кісілер болған. Азбан Шымбастан Арқасқа дейінгі жерді сұрапты. Азбан билік еткен 15 жыл жетісулықтарға – бәрәкәт жыл болған. Азбан баласы – Әшеке, Әшен делінеді. Әшеннен екі бала: Қара, Шай.
Бұлар біраз ел болып, қазақтар Қаратеңізге дейін көшіп, сол жерді жайлап жүргенде, Қап, Қазбек тауларында қалса керек.
Әшеке Жетісуды билеген хан болған. Әшеке өте бай болған адам. Әшеке ханның көп баласынан екі ғана ұлынан Үйсіл, Ойсылдан – ұрпақ өрбіген. Ойсылдан Сіргелі, Шақшам тарайды. Үйсінден – Сақал, Жете. Сақал жасынан заржақ, өте сөзшең, жұртқа ғақыл айтуға бейім болған. Жиыннан қалмайтын, дауға түсетін кісі екен сұранып. Оны заманында Сарсақал да атандырыпты. Өйткені сақалы отқа күйгендей сап-сары кісі екен.
Сақал екі бала көріпті. Оларға ата-бабаларының атын қайталап бірін Ақ (Ақдарлы) бірін Жан (Жадары) қойыпты. Ағайын-туған оны ұната алмапты. Сақалдың екі баласын қазақтар Ақсақал, Жансақал деп те жүріпті. Кейін тіпті сол әкесінің аты біржола жалғанып, шежіреге әбестеу кірген. Немесе екеуінің атын тамғасымен атап Абақ, Тарақ (абақ тамғалы, тарақ тамғалы) деп те атаған.
Абақ – I, Тарақ – III.
Осы жерде біз (Жалайырлар) бөлінеміз. Жалайырлар Жаннан тарайды.
Жоғарыда жазылған аталарымызды бабамыз Жанға (Жансақал, Тарақ) шейін нұсқалап жазайын. (Алғашқы-біз)
Қадыр, Калша
Алаш
Жайыл
Қазақ
Жұман, Тұман
Арыс, Сабыр
Ақ, Пан, Жан, Бол, Бек, Бал
Кейкі
Төбей, Моған.
Бақтияр, Байтерек
Қотан
Үйсін, Байсын, Исін.
Бай, Нақ.
Шора, Ырза
Алым, Қарнақ
Есен, Жарбол
Асау, Берік
Жүз, Дүз, Еркіл, Көркіл, Терен.
Дәу.
Елсау, Жантай
Нулы, Дулы, Ерте, Кек, Бер, Көнбіс, Шор, Қалыш, Дүр, Көлби.
Моғол деп атаған Абыл, Азық, Албан, Санжар (Жөнше нар)
Абылдан – Қайыр, Қарғын, Тарғын.
Қайырдан – Бақ, Шақ, Асық.
Бақтан – Таң, Таңат, Шарт.
Таңнан – Пәр, Өрт.
Пәрден – Мән, Кен, Кеме, Тоқ. Көреген даныштан.
Майқы, Мойыл
Ұзын, Қортық
Сақ, Ақыш
Ал, Баран
Иба, Күлсін, Тұрсын.
Райым, Ортақ, Бекем
Бармақ, Қарақ.
Он, Ортан, Асан
Тағар, Бағыл
Озбай (Оразды)
Оңбай, Жекебай, Отанбай, Отарбай, Өрбай, Торбай, Балбек, Есен, Аман, Тоған.
Егін, Тегін, Бегім.
Азбан, Айбек.
Әшеке, Әшен
Үйсіл, Ойсыл
Сақал, Жете.
Ақ (Ақдаулы), Жан (Жандарлы, Жансана, Тарақты)
Енді Жанның (Жансақал, Жандарлы не тамға бойынша Тарақ) балаларын жазалық. Жан баласы Мерке – Жалайыр. Туғанда арқасында кәдімгідей екі жағына жарылған жолы болған деседі. Сондықтан атын Жалайыр атап кеткен. Жалайырдан Манақ, Суап...т.б.
Манақтан Орақты, Жазықты, Тарақты деген үш бала болған. Жазықты, шамасы, сапты, яғни сабы бар деген сөзден алынған болар. Кейбір бізге дейінгі шежірелерде Жансақалдан Шуманақ, Сырманақ, деп екі бөледі және оны балалары етіп көрсетеді. Бұл – әбес пікір! Бұл – тұрған мекеніне қарай айтылған сөз. Орақтыдан тоғыз бала, Жазықтыдан үш бала, міне осыдан келіп он екі ата Жалайыр шығады. Бұл заманда Жалайыр тұқымы осылай нәмеленіп жұр (Бұл 1700 жылдан) бұл ақиқат!!! (Қазыбек бек атамыздың кітабынан) Ал Тарақты тұқымы осыдан төрт жүз жыл бұрын (1200 жылдан шамасы) Арқаға, Сырға (Шудан) екі бөлініп көшіп сол жерлерді мекендеп қалған. Ал Жалайыр Орақты Әбілқайыр хан (1400 жылдың басында бүкіл, өзбек, қазақ, ноғай, қышақ т.б. Ханы болға-өзбек даласы деп келеген).
Тарақтыдан шыққан атақты Мөнді биді “екі көзімнің бірі, егізімнің сыңары” деп, үнемі оң тізесіне отырғызған.
(Жазықтының сыңары Тарақтыны айтып отыр.)
Сонымен.
Жан (Жансақал, Жандарлы, Тарақты)
Мерке (Жалайыр)
Манақ, Суап
Орақты, Жазықты Тарақты.
Орақтыдан 9 бала → Андас, Мырза
Қарашапан, Ақ бұйым,
Калпе, Сұпатай, Күшік
Болғалы, Сиыршы.
Жазықтыдан 3 бала → Арықтыным, Байшегір, Қабшылы.
Міне осыдан 12 ата Жалайыр болады. Енді осымен тұра–тұрып сол кездегі ел арасындағы жағдайдан мәлімет бере кетелік.
Сол бір шақта Хандық екіге бөлініп, елден береке кеткен. Жалайыр Суан хан қытайларға бағынып, құлдық ұрып қалған соң, ел намысқа шауып өз күнін өзі көрмек болып, Майып – Бабыралыны Ақ деген кісіден Бабыралы деген бала болған. Оның бір аяғы кем болғандықтан майып аталып кеткен.
Өте пысық адам болған сол себептен бұл кісіні жұрт атам заманда өткен Майқы атымен атап жібереді. Міне осы кісінің он екі баласын қара қытайлар шабуыл жасап өлтіріп кеткен. Жалғыз қараша деген ұл қалған. Кейін Қараш би атанын елді билейді бас етіп, құлданушы басқыншыларға қарсы шыққан. Суан хан қытай пірәдарғы Сипаң дегенмен қатты дос екен, достығының аяғы қазақты қытайдың шауып алуына жол ашқан. Сөйтсе, пірәдар деп қазақтың сыйлап жүргені жансыз екен. Ол тым мәймөңке сиқырлау адам болған. Сипаңдама деген содан қалған.
Шу өзенінің батысы, жоғары сағасы, Ыстық ата төңірегіндегі Үйсіндер Суап бағынған қытайларға бас имей, жасақ ұйымдастырып, әсіресе Азық тұқымы қытайға қарсылық көрсетіп, өздері тұрған жерден билігінен бейдама болған. Үйсін елі қайта күшейіп, Майыптың төңірегіне жиналып, Суап билеген Жетісудың бәрін хижра жылнамасының 34-жылы (588жыл) азат еткен. Ақыры жалайыр Суап ханды қарауында жүрген қытай жалдамалары у беріп өлтірген. Олар Майыпты көтерген Суап деп ұққан.
Бірақ Суаптың бұрын өзінің бас уәзірі болған, өзінен асып туған кембаған Майқыға (Майыпқа – Бабыралыға) тәкбірлесуге, әлдеқандай шұбаттасуға, нараду табуға беті болмаған.
Ел быт-шыт болып жаугершілік заманда Майып – Бабыралы ұлы Қараша хижрадан 38 жыл (584жыл) бұрын дүниеге келген. Міне осы Қараша би аталып елді билейді. Бұдан біздің көріп отырғанымыз сол кезде қытайлардың, еліміздің арасына іріткі салып, бір-біріне айдап салып, талай қырғынға ұшыратқанын көреміз.
Орақты атамыздың 9 баласының ішіндегі Андас атамыздан біздің ұрпақ тарайды. Осы Андас атамыз тұралы біраз ойымды айтқым келеді.
Біздің осы Андас атадан атамыз 600-жыл ішінде болған адам. Сол кездегі бұл атамыздың қай баласынан тарқағанымыз белгісіз. Ендігі бір айтайын дегенім Жалайырдың андастан шыққан әйгілі әулие Төле би, Қазыбек би заманындағы яғни 1700-1760 жылдардағы. Бапның атамыздың 5-ші атасы Андас атамыз болып келеді. Ол кісі өзі әуелі, дарынды, шешек, биғ ел билеп отырған адам болса қалайда жеті атасын оның біледі. Бұдан менің ойымша екі Андас атамыз болған, бірі 600 жылдарда болса екіншісі 1600 жылдың аяғында болған кісі.
Осы Бапның әулі аталарын былай ажыратады:
Андас→Қалқа, Тұшымбай, Бөгей, Байосы
Қалқа-Дүйсенбі, Түгел
Дүйсенбі-Таймоңке, Қайдауы, Қанқа,
Қанқа-Дерінсалы
Дерінсалы 5 бала Білдібай, Мендібай, Балпың, Салпық.
Қорыта келгенде екі Андас атамыз арасында 1000 жылдық уақыт бар екен бұл, бір ғасырда 4 атадан деп санасақ 40-50 атамыз белгісіз болып отыр, бұл 1700 жылдың аяғына шейінгі уақыта – 10 ғасыр. Сонымен осы екінші Андас атамыздың әкесі Торлақ деген кісі болған екен. Бұл Торлақтан → 2 бала Андас, Ахмедқожа.
Торлақ
Андас, Ахмедқожа
Андас – ата алты әйел алған адам екен. Заманында өте бай адам болған.
Атамыздың бізге белгілі балаларын жазалық.
Андастан→Тонымбек, Жомарт, Әйшімбай, Қырғыз, Қалқа, Тұшымбай, Бөлесі, Байосы, Қанай-Қонай, Байқара-Жұман, Түрне-Саурық, Қошқар-Шөрек, Мендібай-Кенжеке, Андабай-Танат, Алакөз-Жетінар, Шәкі-Шүкі, Отранты т.б...
Андас атамыздың екінші әйелінен –Ақбұрыл анамыздан төрт бала туыпты; Қалқа, Тұшымбай, Бөлесі, Байосы. Қалқадан екі бала туған: Дүйсенбі, Түгел, (Бұл аталарымыз кезінде Жоңғар шапқыншылығы басталған)
Түгелден→Қаблан (Жалайырлар ұрандағанда “Бақтияр”, “Қаблан” деп ұрандайды екен)
Қаблан атамыз кезінде қалмақтармен соғысқан, батыр болған адам.
Қабланнан – Құттық (Қарақұс)
Құттық (Қарақұс)- кейін Қарақұс деп атап кеткен осы атамыздан.
Андақұл, Туады:
Қоңкали Андас
Қалқа
Түгел
Қаблан
Құттық(Қарақұс)
Андақұл.
Кейбір ата шежіреде Түгелден-Андақұл, Қалқал болып келеді.
Баллың әулие аталарымен салыстыра келе бізде 2 ата жетіспей қалады.
Ел аузында әңгімеге көңіл бөле және де біздің атада Қаблан атаны және Құттық (Қарақұс) жиі аталады. Кейнгі жұрт бізді Қарақұс деп атады. Сол себептен екі атаны қосып отырмын, қалайда бұл кісілер өз аталарымыз болып келеді. Енді Андақұл атамыздан таратайық.
Андақұл - 3 бала →Медет, Әлет, Жәнет.
Қоңқаш - 4 бала→ Дөнен, Бөлғықай, Түмеп, Баулыбай.
Медет - 3 бала→ Сағындық, Барақ, Қуандық.
Сағындық - 9 бала→Байтілес, Жантілес, Шыныбек, Байсары, Бекен, Өтеп, Мырзан.
Осы Сағындық атамыз өте денелі зор батыр адам болған екен. Екі қасының ұзындығы, сондай оны екі құлағына орап қояды екен. Аңшы жол барыс апатын болған, сол қолын аттың құйрық қылынан арқан есіп орап, оң қолына қаннар ұстап, жолбарыс ұмтылғанда сол қолын жолбарыстың өңешіне тығып жіберіп, оң қолындағы қанжармен жайратады екен. Сондай Тегеурінді күшті ұстап қарсы тұрған, батыр екен, және де ауқатты бай адам болған.
Мықтыбек атамызда бай, заманында ел-жұрт алдында қадірлі ада болған. Бұл атамыз екі алған екен. Үлкен бәйбішесінен: Суан-бір бала Тоқалынан 3 бала Қожабек, Қожарахмет, Қожамсейіт.
Мықтыбек атамыздың әйелдерін атап отырып артқа бір шегініс жасасан деп отырмын, ол Андас атамыздың екінші әйелі Ақбұрым анамыз туралы бір-екі ауыз көз. Ақбұрым анамыз туралы екі түрлі аңыз бар.
1. Ақбұрым Сейтзада деген Қожаның қызы екен. Қожалар көшіп бара жатқанда Өтулі батыр, Қара батыр, Қаріке батыр шабуыл жасап Ақбұрымызды тартып алып келіп, Андасқа қосады.
2. Ақбұрым Шыңғыс төре тұқымынан Ақтұлым деген сіңлісі де болған.
Өз Жалайырларымыз және наймандар жалайыр Шыңғысқа кекті болған кезде осы қызды қолға түсіріп Ақбұрымызды Андасқа қосады, де Ақтұлымызды найман елінің үлкені алады. Қалай болғанда да Ақбұрым анамыздың шыққан тегі-төркіні осал жер емес. Иә, қожа, иә, төре. Сонымен өз аталарым:
Андақұл
Медет
Сағындық
Мықтыбек
Қожарахмет
Мықтыбек атамыздың Суан, Кожабек, Қожамсейіт,Қожарахмет ұлдары да бай, үйір-үйір жылқылар, мыңғырған қойлары болған.
Осы аталарым туралы жәнді дерек жоқ. Бұл кісілер кезінде қуғынға ұшыраған болу керек, не айтып жіберді ме екен, не болса да сол. 20-30 жылдарда бұл аталарыма зор қиянат болған. Аталар, Суан, Қожабек билік жүргізген адамдар. Қожамсейіт атамыз жуастау болса керек. Ал Қожарахмет атамыз асқан домбырашы, күйші, салдық құрған адам екен, әрине алдыңғы үш ағасының арқасында еркенеу болса керек. Мал жанға қарамайды екен.
Бұл аталарымыз жаз-жайлауы Аралтөбе екен де, қыстауы жолынан жоғарғы жағындағы Малайсары тауының балтеріндегі Қопа деген жер екен.
Сол жерде аталарымыздың байіті болса керек. (анықтау керек).
Қожарахмет атамыздан бір ұл 7 қыз болған: Бекболат (менің әкем), Үрия, Күлжатай, Бектен, Жамиля, Бибісар және 2 қыз. Үрия деген қызынан – Ленур деген бала бар Алматыда күйеуі Мықтыбек Жаркентте турады.
Бекболат әкеміз 1893 жылы туған. Әкеміз кезінде сән мыңғырғын малдарға ие болып, соған басшы болған екен. Жеңгелері “Сары жігіт” деп атайды екен. Өзі сары, ақан шалды сарғыштау, көзі көкшіл, орта бойлы кісі болған. Қайратты адам әкеміз Бекболат өз аталары тұралы маған баласына өле-өлгенше айтпай кетті. Бұл сол кездегі тоталтарлық заманның кесірі еді.
Партияға да өтпеген кісі қанша өт деп сұраса да естуім бойынша 13 жыл алып бала тоқтамаған. 1927 жылдан бастап темір жол салуға кіреді (Турсиб жолы). Темір жолда істеп жүрген Қожабек ұлдарының балаларына көп көмек көрсетеді. Мысалы Абіл ұлы Асыл ағаны жанынан тастамай сол кісінің нормасын істейді екен. Асыл аға ауыршақ болған екен. Содан әкеміз соғыс (Отан соғысы) басталғанда қанша сұранса да бронь беріп жібермей қойған, темір жол өзі де жартылай соғыс қаупі дәресінде еді. 1946 жылы Қасен қызы Керімжан шешемізге үйленеді, сода 1947 Тұңғыш мен туыппын (Балтабай) екінші қыз – Айжан(1949 жыл) үшінші ұл – Жарқынбай (1951 жыл). Шешеміз 1952 жылы ауыр удан қайтыс болды (руы қызыл қаңлы).
Одан кейін біз жастай анасыз қалған соң 1954 жылдары Несіп шешемізді алады (Сулеймен қызы) Бұл кісіден бала болмады. Бұл кісі 1964 жылы давлениеден қайтыс болады.
Әкеміз Бекболат темір жолда жақсы жұмыс істегені үшін медальдармен ордендермен наградталған. Сол кездегі Алматы Темір жол бастықтары бұл кісіні жаксы білген (Виноградов, Боранбаев т.б.). Алдымда басқа аталарымды апсыратқанда әкем туралы тағы толықтырмалар беремін. Содан 1947 жылы қайтыс болған Бекболаттан→ Балтабай, Айжан, Жарқынбай.
Балтабайдан – бірінші әйелі Балхиядан (дуат – Шәлібекқызы) 1 ұл- Қанат 1972 жылы туған 1 қыз- Қарлығаш 1974 жылы туған. Ол кездері біз 2 – Алматы вокзал түбінде (өз үйіміз) тұрғанбыз әкеміз Бекболатта. Өзім Балтабай жоғарғы білім алған (инжинер строитель путем сообщений). Екінші әйелім найман ішінде Мұрыннан Шәкімқызы Камиләдан үш ұл 1979 жыл үйленгем. Одан Әдлет 1980 ж. Рустем 1983 ж. Алмас 1984 ж.
Балтабай бірінші әйелден Қанат, Қарлығаш. Екінші әйелден Әдлет, Рустем, Алмас. Қаната, Қарлығаш – Алматыда турады.
Айжаннан 2 ұл Асқар, Ардақ 2 қыз Бақыт, Шолпан. Малайсарыда тұрады.
Жарқынбай 1қыз Лизат Әйелінің аты Кнура. Ақтөбеде тұрады.
Ақтөбеде сурет Колледжінде мұғалім. Қазақ Республикасың суретшілер одағының мүшесі.
Енді Түген, Андақұл, Медет, Сағындық, Мықтыбек→ Суан, Кожабек, Қожамсейіт, Қожарахмет аталарымызды басқа балаларын өзіме білгенімше ажыратуға тырыстым.
Түгел – Қоңқаш – Дөнен, Балғықай, Түмен, Баулыбай арғы жағын білмедім.
Әлет – Қонақбай, Атырау.
Қонақбай – Дуана, Сексенбай.
Дуана – Мәтібай, Сатылы, Тәтібай.
Мәтібай – Сейсенбек, Нұрбала.
Сейсенбек – 3 ұл, 2 қыз.
Нұрбала – 3 қыз, 1 ұл.
Сексенбай – Өксікбай – Жұмабай - Балтабай.
Мырзабай (Жоламанда тұрған)
Атырау – Кара, Күреңкей, Күреңбай.
Кара – Кенесары. Дере – жоқ
Күреңкей – Оразымбет, Алдаберген.
Күреңбай – Досекет, Мұқаш 3 ұл, 2 қыз.
Жәнет – Омбай, Домбай.
Омбай – Алтынбай, Қойшыбай, Тайшыман,Тайшыбай
Алтынбай – Сайдахмет- Шайтахмет, Рахмет(өлген).
Қойшыбай – 1 бала (өлген)
Тайшыбай – Құндақбай-1 бала – (жоқ)
Тойшыман – жоқ.
Домбай – Қашабек, Серікбай – (жоқ)
Қашабек – Несіпбай – 1 бала – (жоқ)
Жәнет – Омбай – Алтынбай – Сайдахмет – Шаяхмет – бар.
Медет – Барақ, Қуандық.
Барақ – Сырғабай, Тайшыбек(жоқ), Жайшібек, Бәйбек.
Сырғабай – Еспенбет, Доспенбет, Айманбет, Құлманбетот 1бала-(жоқ)
Еспенбет – Мұқаш (Молдабай), Иманәлі (жоқ).
Доспенбет – Ақжол 1 бала , Нұрқасым (жоқ), Нұрғазым 9 бала.
Жайшібек – Әліп, Шәріп (жоқ)
Бәйбек – Күшікбай, Ысқақ
Ысқақ – 1 бала (жоқ)
Күшікбай – Жұмағұл, Әмірхан.
Жұмағұл – 1 бала (Орынбасар)
Әмірхан – 7 бала
Қуандық – Өскенбай, Имаштан (жоқ).
Өскенбай – Құрман, Әбіш, Мұхаметқали.
Құрман – Шаяхмет 1 бала бар, Бибігүл
Әбіш – жоқ
Мұхаметқали – 1 бала (бар).
Сағындық – Байтілес, Жантілес, Шыныбек, Байсары, Бекен, Өтеп, Мырзан.
Байтілес – Тұрап – Оразбай, Оранбай, Бәйсейіт, Нұрсейіт,
Молдақұл, Айнақұл.
Оразбай – Әлімқұл - 1 қыз
Оранбай – Нұртай(қыз) – 3-4 бала
Молдақұл – жеңге алған әйелінен Айнақұл.
Жантілес – Малғара, Мамыр.
Малғара – Сәрсенбай-Мақпал (қыз), Сыдық (жоқ).
Мамыр – Абыйыр (жоқ), Бәкір – Қантбала (қыз).
Шыныбек – Оңғар – Жансибіт-жоқ
Байсары – Тілек, Елдей.
Тілек – Төлебай – Саяқ – 5 ұл, 2 қыз
Есахмет – 5бала
Елдей – Төлеген – Есімханбет, Есмұрат-жоқ
Төлеміс – Патшайы (қыз).
Бекен – Серкебай, Тұрғанбай, Үндібай, Боранбай.
Серкебай – Қартайған, Кәрібай.
Тұрғанбай – Бопа, Әбіш, Қалық
Бопа – Шамша қыз – 8 бала
Үндібай – Жұмагүл қыз-жоқ
Боранбай – Сейтпатқал-жоқ
Өтеп – Қараша – Ыбрайым - 2 қыз
Мырзан – Көкеш, Бейсембай-жоқ
Көкеш – Ақынсара – Әбдіуәли - 3 бала
Малайсары
Мамыр өлген соң әйелі Сарташен Бекенге тиген одан Нүлкібай – Махмет – Жанаділ
Нүлкібай – 3ұл, 3қыз (Малайсары, Талдықорған)
Ендік Мықтыбек балалары:
Суан, Қожабек, Қожамсейіт, Қожарахмет ұрым бұтағын таратамыз.
Суан – Жоламан, Жолсейт, Мұсабек
Жоламан – Сүлейменқұл – Ізтілеу – Көптілеу, Көппай, Балқия, Күләш, 1 бала (Жаламан).
Жолсейт – Баймолда-жоқ
Қожабек – Кәсен, Жүнісбай, Құсайын, Жанысбай, Әбіл.
Кәсен – Әбіләкім, Әбілмәжін, Мәлік
Жүнісбай – Сабаншы, Ауқан, Злиқа, Қайымжамал.
Ауқан – 5 қыз, 1 ұл.
Злиқа – 3 ұл, 3 қыз.
Қайымжамал – 1 қыз
Құсайын – Мығытжан, Жамахан, Жұмахан, Зинан, Еркебала, Бикен
Мығытжан – Мырзахан, Бейбіт, Несіпгүл
Жамахан – Мұратхан, Алтай, Талғат, Мұрат, Света, тағы 2 қыз.
Жанысбай – Мұқан, Әкімжан.
Мұқан – Иса – 3 бала.
Төрехан – 2 ұл, 1 қыз.
Әбіл – Асым, Күлтай.
Асым – Гүлжақан, Сембай, Несбай, Нестай.
Күлтай – Тұрсын, Әдепбала, Хамит.
Қожамсейіт – Әсембай – Әлия, Сәтжан.
Әлия – Қапан – 5 бал
Сәтжан – 1 ұл, 1 қыз.
Қожарахмет – Ұрия, Бекболат, Күлжастай, Бентен, Жәмилә, Бибісара.
Ұрия – Ізтай.
Бекболат – Балтабай, Айжан, Жарқынбай.
Балтабай – 1 айел – Қанат, Қарлығаш.
2 айел – Әділет, Рустем, Алмас.
Айжан – Бақыт, Шолпан, Асқар, Аслан, Ардақ.
Жарқынбай – Лизат.
Енді әкеміз Бекболататамыз басынан өткен кейбір жағдайларын әңгімелейін. Бала кезімізде айтқан Балпық әулие туралы әңгімесін айтайын.
Түркістан - Сібір темір жолын салып келе жатты, Қартал өзені үстіне поезд өтетін көпір салады. Содан әрі қарай темір жол жоба бойынша...
Күн асқан сайын мүрдеге жақындай береді, бірнеше жүздей қадам қалганда жұмыс өнбей, техникалар бірінен соң бірі қирап, қайта күрек қол арбалардың сынулары көбейіп кетті дейді. Мұның себепсіз емес екенін басқарып жүрген орыс инженері сезе бастайды да тұрғыттын халықтан сыр тарта бастайды. Содан бірталай батылдау адамдар жиналып, бұл жерде.
Көзінің тірінде көріп келдігі, көсемдігі, әулелігі болған Балтық деген адамның сүйегі жатқанын айттық, инженер сөзге келген жоқ, темір жолды мүрденің шығыс жағынан айқандырып өтуіне көзге кетті. Жол сол жерде солай салынған дейді әкеміз Бекболат. Анаға да бір әңгімесі есімде. Бірде асқазанынан ауырып тамақ ішу қиын болып, құса берген екен. Содан әурие Батық бабмыздың үрім бұтағы Жүсіпбектің үйінде болып. Сол үйде қонған екен түсінде Батық бабамыз қандай ем керек екенін айтты. (Емші атын ұмыттым). Аузына қанды ірің ағып естен қалған, ес жиғаннан киін сол үйде үш күн жатып, сорпа ішіп жүрген екен. Сол Жүсіпбектің айтары былай болып келеді, осы үйде Балтық бабамыздың дуылғасы болған екен. Балтық – Тіленші, Әлдеке.
Тіленшіден – Байғазы, Телғозы
Байғозыдан – Серғазы, Оспан, Қасен
Телғазыдан – Құрманбек, Сыдық
Құрманбектен – Ахменше, Оңғар
Сыдықтан – Бақи
Қарашаңырақ иісі Қисмашетен – Жұмахан – Болат – бала бар.
Әлдекеден – Бәрімбек-жоқ, Өшеген, Ниязыбек, Келмелбай, Иманбек.
Өтегеннен – Сейтбек, Молдыбек, Тазабек, Нақысбек, Нақысжан
Ниязыбек – Шашуар
Келмелбектен – Тәжіғұл
Иманбектен – Ақыжан, Нүсіпбек
Нүсіпбектен – Шаймерден, Ляззат
Бұл кісілерді көргем Жамашанда тұратын. Әкеміз Бекболат осы Нүсіпбектің үйінде болған. Осы Балтың бабамыз тұралы бір-екі ауыз сөз.
Балтық бабамыз Төле би, Қазыбек би кездерінде болған, олардан жас.
Жағынан көп кіші болса керек. Сол атақты Төле би мен кездескен бір дауда Төле би Балтықбабамыздың сөзіне жығылған екен. Сондағы Төле бидің айтқан сөзі. “Жалайыр – мінезі мәрт, жаны жомарты, ноқта аға” ел еді, аталарының аруағы көтеріліп тұр екен, назасына қалып жүрмейік деген екен.
Балтық бабамыздың көбінесе Ескелді (сиыршы) әулемен қатар атайды.
Ескелді бабамыз үлкен екен жас жағынан. Балтық әулие ол кісіні қатты сыйлап аға тұтары екен. Ескелді бидің мүрдесі Қаратал өзенінің оң жағында (Қызылжар).
Балтық би Мүрдесі сол жағында. Кәзір де бұрын да осы екі бабамызды қатар атаймыз. “Ескелді Балтықтың аруағы қолдасын” – дейміз. Сол кездегі жиі кездесіп біте жүретін. Замандастары күшік Жолбарыс би, Қаблиса жырау (Қабан би), Қарымбай билер екен. Қыстауы Сарыбұлақтың күнгей бет болған. Он екі ата жалайыр ішінде Орақты руы “Ноқтағасы” аталады. Бұл құрмет Орақты батырдың жаугершілік кездерде ерге сіңірген еңбектері үшін көрсетілген. Осы атадан шыққан батырлардың бірі “Он бесінде орда бұзған”.
Төке деген адам екен. Балтық би бастаған жалайырлардың игі жақсылары андас елінің қонысы – бір кездерде. Шыңғыс хан шатыр құрғызған Желдіқара маңындағы кіндіктас үстіне үй тіктіріп қарсы алыпты.
Төке батырға сол жерде Балтық би бата берген екен. Аталары аңызға аталған, ел ауызында жүрген сол замандағы – Аса Сиық Ескенді. Балтық, Қаблиса, Қабан, Қарымбай, Дарабоз (андастан), Жанбарыс (күшік), Қарашолақ, Айжу және тағы басқа әулиелер өз маңайларындағы әртүрлі құблыс, қанды қаңтығыс, үлкен шайқас секілді ел басына ауыртпалық әкелетін уақиғаларды үйлерінде жатып ақ көре алатындай сезе алатындаңы қасиеттері болған дейді. Осы айтылған әулие би аталарымыз жалайыр жұртын билеп жоңғар шапқыншылығы кезінде өте зор еңбек сіңірген адамдар, үш арыстан (Орақты, Жазықты, Торақты) шыққан екі ата жалайыр елінің қасиетты адамдары еді. Жоғарыда жазылғандай Балтық бабамыз жалайырлардың игі жалайырларымен орақты Төне батырға бата берген жері, андас елінің қонысы кіндіктас. Үстіне Темір (Шыңғыс хан) шатыр (орда) құған жері екен, бұдан Темір орда құрған жер жалайыр елі үйдін қасиетті жер екені де, Темірдің өзі де жалайырдан шыққанын дәлелдейді. Енді Қазыбек бек бабамызды 1773 жылы жазылған "Түп-тұқианнан өзіме шейін" үйсін ата шежіресінен үзінді келтіре кетейін.
Темір де жалайыр (Мерке) тайпасынан шыққан. Оның аталары Жалайырдан – Орақты, оның ішінде Андастан таратып, Жанның (Жансақал) баласы Меркенің (Жалайырдың шын аты) Шыңғыс хан-Темір 25-і ұрпағы.
Шыңғыстың шешесі Оэлун үйінде Есугейден жүкті болып, әкесі Қоңырат Асау хан оны қуып жіберген. Екі қабат Оэлун Есугеймен қалған.
Есугей аса батыр болған адам, Темірдің атасы былай келеді: Меркенің (Жалайырдың) баласы Машақ, одан – Орақты, одан – Андас, одан – Ор, одан – Онтұр, одан – Бәкір, одан – Ұзық, одан – Тор, одан – Көк, одан – Бөгде, одан – Қара, одан – Бұрық, одан – Кер, одан – Құнмыр, одан – Бұрыл, одан – Шамшы, одан – Тілеуберді, одан – Қашау, одан – Досан, одан – Тұрымтай (атақты шешен болған), одан – Тұмағұл, одан – Дін, одан – Баян, одан – Есугей. Есугейдің әйелі Қоңырат ішінде Көктің Ұлы дейтін атаның қызы еді. Темірдің әкесі Есугей ерте өліп, оның шешесі Оэлун. Оэлун қоңыраттың белгісі биі Меңлекеге тиген. Оэлуннің Меңлекеден туған он ұлы Темірді, бөлектеп шыдатпаған. Сонан соң ол олардан безіп, қайта Жалайыр ішіне қашып кетті. Міне Шыңғыстың жалпы төрелердің тарақ тамғалы болуы да осыдан еді. Ол кезде Мұңғыл, қазақ деген жоқ, ұру-ұрумен ғана аталса керекті. Сонымен он жастан жаңа асқан Темір қоңырат тәрбиесімен өсті де, өзі де әйелі Бортені- Жошының, Шағатайдың, Үгедейдің, Төленің шешесін қоңыраттан алды.
Шыңғыс, бүгінгі (18 ғасыр) тарих сараптаушы ғалымдар айтқандай, бір ыңғай моңғол деу ешбір шындыққа келмейді. Оның бар бітім-болмысы қазақы еді, де қазақты жаппай қырды деген хайбар. Оның жаман дәріп (өсек) алуы Бұйрық ханның қолындағы жеті тулы, дәлірек айтсақ, жеті мың қолды басқарған найман қолбасы Күшікті өлтіруі еді. Күшік – қазіргі он екі ата Жалайырдың бір атасының басы. Оның тұқымы бүгінде Жалайыр Күшік аталады. Қазақтың Темірді (Шыңғысты) бір жек көруі – осы өз туысқаны Жалайыр тұқымына қол салғандығы. Осы жерде (Шыңғысты) Темірді хан көтерген Жалайыр, Арғын, Найман бәрі қарғап-сілеген, ақыры Темір өз қатесін мойындап, қазақтың айтулы үш ұруы – Жалайыр, Арғын, Найман жақсылары алдында құлдық ұрған. Сол билер үйсін Тұрамбай баласы Ұран.
Майқы би, Бөрібек шешен қазақтың, одан басқа да Қалдар, Орқаш, Түмен, Темірқұт, оны треп тұғды. Ұран – Майқы – Бәйдібек байдың 23-і ұрпағы. Ал Бөрібек-Бәйдібекпен бірге туған Жәнібек ұрпағы. Темірді алғаш ақ киізге орап хан көтерген де Найман тау (кейін Шыңғыс атанды), Дегелең төңірегіндегі Арғын, Найман, Жалайырлар болатын. Ол 605 жыл еді. Ол үнемі қара қытайлармен жаны қас болады. Ал найманды, керейді шабуы да осыған байланысты болатын. Хижра бойында 578 жылы Найманның ханы Тамтық өліп, оның екі баласы Бүйрекпен Байбұқа бір жерге таласып, хандық ыдырап, осыны пайдаланған Темір оларға бас салды. Қандай жиірге таласқанын кейін ұрпақтың бетіне салық қылмас үшін, ашық жазуға ұят сақтадым. Есугей баласы Темірдің тарих бетіне шыққан шат осы. Темір өзі екі бөлініп, екідай болған хандыққа ең онай жері осы деп шабуы жасаған.
Ақыры Темір әкесі өлгеннен кейін он үш жылдан соң Байбұқаны Қаңқай тауында өлтіріп, елін бағындырған. Оның баласы Қошақ ағасы Бүйрекке қашып барып қол жинай бастайды.
Осы жерде Шыңғыстың найманға неге шабуыл жасады дегеннің басын аула кеткен жөн. Ол жақта Арқас пен Сақақ арасындағы қолың жұртты (біздің елді қоса) қара қытайдың горханы билейтін. Темір қара қытайдың тепкісінен құтылу үшін, бар елдің басып қасқан болды. Қытай қаршысы ол кезде киу бойында еді. Ал Тамтық Найман ханы қара қытайға қарсы соғысқа Жетісуды босатуға қатысқысы келмейді. Қолдан билікті Темірге беруді өзіне ар санады, намыстанды. Пендешілік тұрғыдан келгенде, Тамтықтікі де дұрыс деу шамаға келеді, өйткені өзі би, өзі қожа болып отырып, енді жұрт солай үйғарған екен деп, іргел ел Найманды неге Жалайырдың жетіміне ұстата салмақ.
Сондықтан қазақ қауымы – Арғын, Алшын, Үйсін болып Темірді төбесіне көтереді де, Тамтықты неге шеттетеді? Міне, Шыңғыс жұрт ұйғарымына қарсы болған Тамтықтың ақыры түбіне жетті. Ал Керейді шапқаны да осы себеп еді, оның үстіне Керейдің Абақ - Керейінен тарайтын Меркітте бұрыннан кетіп жүрген өші де бар еді. Осы жерде Абақ – Керей ұруын ажырата кетелік. Үйсіннің шапырашты батырының егіз туған (Абай, Саяк) екі бірдей тоғыз жасқа келіп, ат жолын тартып мінген екі ұлы бірдей Үйсін тауында болған торғаутармен ұрыстың бірінде жоғалып кеткен. Абақ сол кеткенмен 20 келгенде бірақ табылыпты.
Ол Керейдің бір баласыз адамы қарамайын Бақыр деген кісіге бала болған да, кейін елін тапқанда да, асырап алған әкесін қимай сол елде қалған.
Ол өзінің аты Абақ екенін түбінің Үйсін екенін жасырмаған, айтып жүрген. Шыңғыс хан Абақ – Керейден жауласып жүргенде, Борте бәйбіше Абақтың тұқымы Меркіттердің қолына түсіп, Жошыға Меркіттің Берен деген жігітінен жүкті болып қайтыпты. Сондықтан Меркітті де шапты.
Меркіттер осы кезде атасының Үйсін екені есіне түсіп, қабырғалы ел, қалың Үйсіннің игі жақсыларына хат жазған. Оның бір ауыз өлеңі күні бүгінге дейін ел аузында келеді:
Мен Меркіт – Шапырашты баласымын,
Үйсін – Керей екеуінің таласымын.
Сарсақалдан қорғағын, қоныс бергін,
Қалаймын таудың үстін Қарқараны.
Лабас, Арқас екеуі арасының.
Шынында да Меркіттер сол шақта Мұзарт пен Торайғыр екеуінің арасынан Қарқара жайлауынан қоныс алған. Меркіттер Жетісуға келген соң, ислам дініне кіріп, кәлимаға келген. Ол наймандар мен керейлер шоқынды болған (керейтке шоқынған). Енді Жошы туралы бір – екі ауыз сөз. Жоғарыда айтылғандай Шыңғыс өмір бақи Жошыны ұнатпай, көңілінде күтпілік тұрып алыпты. Жошы Жетісуды, қазіргі қазақ жерінің жүстігін қашуы жолынып сұраса да, бермей қойыпты. Ондағасы Шыңғыс Меркіттің түбінің Ақсақалдан (Сақтардық ағынан) екенін білгендіктен, бұл жаққа жолатпапты. Жошы түбін тауып, ол осекке жол ашады ал өсек жың-құз болып тұрған ханның беделіне нұқсан көтіреді-міс. Бәрі бір Жошы мұндай төменнен туғанына қысыла қаймапты Ғұмырының бәрін бір қазақ қалай өткізсе, солай өткізген. Тіпті баласы Батыйға да мұны жасырмай айтып отырады екен, деген сөз қалған. Шыңғыс жашының танытпағанда, Жошы әкесіне былай депті деген бір ауыз өлең бізге жеткен. Оны маған жеткізуші еліміздің үш серкесінің бірі Бөгінбей қарт.
“Сенің Түбің – Жалайыр
Менің Тегін – Абақты
Екеуі де бір туған
Берсей жылы қабақты ? ”
Шыңғыс сап – сары сақалын сипап күліп жіберіп, жауап бермей, орынынан тұрып кетіпті. (Ата-бабасы Сақардың да сақалы сап – сары болған).
Темір Найман тауда бүкіл қазақ Ақ, Жан, Бал, Бол төртеуінің тұқымы тегіс хан көтерген соң, өзінің ордасын, қаршысын түгендеді. Бас уәзірге елге атақ-даңқы дәріптелген Тұранбай баласы Ұранды (майқылы) алды. Еркін уәзірлікке Арғын Қуандық Тоқы биді қойды. Жалайыр, Қорым баласы Мұқалі әмір болды. Жарты миллион ғаскерді бастағандардың көбі біздің түркілер – қазақтар еді. Рас, Шыңғыс қолында Моңғолдар да болды, олар бары-жоғы 4500 ғана адам еді. Одан басқа 32000 татарлар барды. Татарлар да түрікше сөйлейтін, 450 мыңдағы Арыстың бес баласының үрім – бұтағы болатын.
Егер тарихтың бетіне тура қарар болсақ, Шыңғыс қазақ жеріндегі билікке таласқандарға ғана қатты келді. Ол Арғынның, Үйсіннің, Қыпшақтың қылшығын қисайтқан жоқ. Қайта олардың жауынгерлігіне құлдық асып отырды. Шыңғыс әліпті таяқ деп білмейтін, сауаты жоқ адам болатын. Оның барлық шешімі, өкілі Ұран-Майқы мен Тоқы бидің құптауынсыз жүзеге аспады.
Ал ендеше Шыңғыс қазақ қалаларын неге қиратты деген сауал келеді. Шыңғыстың жермен жексен еткен қалалары көбіне қара қытайлар билеп отырған Ұш, Ақтөбе, Тараз, Отырар, Бақын сияқты қалалар болатын. Қоңырат Тоғышар – Шыңғыстың күйеу баласы. Тоғышардың өлтірілуінен 590-95 жылдар арасында бірталай ел босқа қан төкті. Бұл ел Шыңғыстың күшін, оны көп қолдап отырғанына сенгісі келмеді. Одан басқа да олар елшілік рәуаятына жатпайтын оғаш іс істеді. Шыңғыстың 160 түйемен жіберген керуенін түгел тонап, басы Тоғышарды, Тоқы бидің үлкен ұлы Еренді 65 адам дүбірімен түгел қырып тастады да, Асанды екі көзін ойып, екі құлағын кесіп шұнтитып, кұйқасын үш жерден тіліп, өзін қара есекке теріс мінгізіп екі қолын артына, екі аяғын есектің бауырына байлап бір түнде Шыңғыс шатырына жеткізіп тастады. Кейін Көр Асан атанды. Мұны істеген қоңыраттарды қыруға Шыңғыстың қызы Моқын сұлу қатты қаһарланып, соғысты өзі басқарды. Бүкіл бір қаланы Мүсәпірді жермен жексен етті.
Шыңғыстың мұндай қатыгездігі әлденеше мәрте қайталанды. Осыдан кейін бұрын Шыңғыс десе жан алып, жан беретін қоңыраттар шиткиіп, іреніш көбейді. Қоңыраттар бұрын сенімді болғандықтан, 4500 монғолдың ішіне де көп жіберілгенді. Жошы, Шағатай мінезінен мұндай қатыгездік пиғыл байқалды деген бұл елде естілмеді. Кейінірек қоңыраттар қайта бас көтеріп, әсіресе Ақсақ Темір заманында ел билеуге молырақ қатысты. Осы Азық тұқымынан тарайтын Барлас ұрпағы Ақсақ Темір шабуылы Жетісуда қатты жүдетті. Бұған қоңыраттар белсене қатысқан, жалайырлардан кеткен өшін қайтарған. Жетісуда жұрт азатды, ел тантіреп кетті. Азықтан үлкені арғы атамыз Абыл, дулаттар монғол жерлеріне шеиіп көшіп қонып сол жерледі, жемденіп моғол деген атқа ие болған. Абыл Үйсін ұрпағы моңғол тарихшысы Сонан – Сесеннің айтуынша осы Абыл ұрпағының ішіндегі Жалайырлар моңғолдың көпте күші Еке – моңғол (ұлы моңңол) деген тобынан тарайды. Жалайырлар моңғолдар белді ұлыстардың бірі болған өте көп болған, көп жерді алып жатқан. Бір шеті Онен екінші шеті Қара – Қорымдағы Қадима деген жерге шейін.
Ежелгі жалайырлыр 7 күренге бөлінген 70 мыңдай үй болған. Жалайырлар Шыңғыс хан кезінде ақ, Қытайға. Тибетке, Түркістанға, Персияға жасаған Әмір Қытайды бағындырған, бұл кісі қайтыс болғанда Темір (Шыңғыс) 3 күн аза түпті қаралы күн деп жариялап еді төсек тартып қонған екен. Мұқаш да сол Андас атамыздың бір баласынан болу керек. Жалайырлар Орта Азияда, Иранда, Иракта жерінде үлкен роль атқарған. Бір кезде Солтүстік Иранда (Персияда) Иракта–Бағдатта Патшалық құрған және де Азербайжан ханы жалайыр Сұлтанахмед болған. Бұл тұста Иранмен Азербайжанмен мәдени байланыс күшейеді.
Хаджи Кермани ақынның “Хамсалына” миниатюрамен суреттеме жасайтын. Жуманд Сұлтани суретші жалайыр басқыншынарының қолында болған.
Жалайырлар Ирақты 2 – ғасырдан аса билеп тұрған орталығы Бағдатта.
Шағатай ұлының қолын бастаған Мұқанойын Сартақ Жалайыри мен оның баласы Оба Жалайыри Моғолстанды, Мәруанахрады билеген. Сол кездегі Ақ Орданы Жалайыр Ордасы деген. Ақ Орда мемлекетінің ақырғы ханы Барақ одан кеиін орақты жалайыр Әбілхайырхан биледі қол астындағы елдерді сөзбен деп атаған. Жалайыр мемлекетін 15 ғасырдың бас кезінде.
Абыл атамыздың інісі Азық ұрпағы Ақсақ Темір құлатады, қоныр аттармен біргіп. 15 ғасырда Шайбақ хан. Орақты жалайыр Әбілхайыр хан немересі Ақсақ Темір нәсілік (Бабыр және басқа балалары) түгел Самарқанд, Бұхара, Ташкент Мәруанахр бәрін алып қуған. Шайбек атақты өзбек хан шөбересі. Жоғарыда айтылған ақсақ Темір шебересі Бабыр Орта Азияны билеп тұрғанда жалайыр басшылар оған көмек көрсеткен.
Әбілқасым Жалайыри, Сейтқасым Ішік Жалайыри, Хасен Әли Туфейл Жалайыри, Құсайын Әли Жалайыри Бабырдың әскер басшылары, кеңесшілері болған. 1592 жылы Қосымұлы Қыдырғали Жалайыр қазақ тарихын жазған 13 ғасырдан – 16 ғасырға дейінгі оқиғаны «Жылнамалар жинағы» - да келтірген.
Бұл кісі Тәуекел ханның інісі Онданның баласы Ораз Мұхаменедтің қасында болған өле-өлгеним. Ораз – Мұхамед пен Қадырғали жалайырды орыстар қолға түсіріп алып кеткен, амантқа.
Оразмұхамед орыс патшасы Борис Годуновпен өте сыйласымды болып Кемер ханы болып сайланады.
Борис Годуновтың арғы атасы қазақ. Қыдырғали жалайырлардың айтуы бойынша Алаш мышының ішінде Тарақ таңбалы жалайырлар басты ұйтқы болған. Жоғарда айтылған жалайырдың ханын Ақсақ Темірдің және оның ұлдарының жалайырға істеген қиянатшылығын еселеп қайтарды.
Сонымен Ақсақ Темірдің ақырғы тұқымы Бабыр индияға өтіп оны жаулап 3 ғасырдай билік жүргізді ағылшындар жаулап алғанша шейін.
Сонымен қорыта келе Үйсін ішінде жалайырлар һәммә қазақ елі ішінде үлкен роль атқарып ұйтқы болған ел. Шыңғыстан бастап барлық ел.
Шыңғыстан бастап барлық хан тұқымдары жалайыр (Мерке) оның ішінде андастан. Осы ата шежіреде Шапрашты Қазбек бек атамыздың «Тұп тұқианнан өзіме шейін» кітабында Жолбарыс хан, Аблай хан (Әбілмансур, Сабалақ) Төле би, Қазыбек би туралы жазғандарын, тарихта белгісіз ақтаңлақтарды жаза кетейін деп отырмын. Сонымен: Үлкіде жазған «Жетін жолбарыс», «Қарадан шыққан Аблай» кітаптарыма аз да болса түсінін бере кетейін. Кейінгіге – қалғаны қаршыда (ордада) бектік жасап отырғандағы орын аулақ жазулар. Мен Аблайдың, Жолбарыстың аруағын асырайтын деп ойлаған адам емеспін. Жалпоштық, жағымпаздық менің жек сұрын көрейін қылықтарым. Есуінің де ғұмырын айшықтап көрсеткен емен. Барын болғанымша қазақтың өзіміздің сөйлейтін жалпақ тілімізбен әдей жазуым.
Менің хандарға, хан атанғандарға бас шұлғый бермейтінімді оларда жақсы біледі. Базыбірде көптің көзінше оларға тіле сөйлеп қалғанда көтере алмай да қалады. Бірақ сүйекке біткен қу мінез, оны түзей алмаған күйі дүниеден кетіп барамын. (Сонына тиген ұланған найзаның жарасынан 1776 жылы күзге таман қайтыс болады, осы кітап 1776 жылы жазылған өлер алдында). Әбілмашүр маған біраз өкпелеп жүрді. Бірақ шындықтан қолай құтылсын, ақыры ол да қайыстай созынды. Өтінішін айтты Төле ағам, адасым (аттасым) Қазыбек аға да хан екен деп оған қайыстай, бектерге берістей шынды айтқаныма енді де риза қаштық етті, соның құрметіне екі күн қосық тарттырып мені қатты ардақтады. Әбілмәмбетті, арғы Абылай баласы Уәлиді хан екен деп, хан тұқымы екен деп қадырлегенім жоқ. Ғақылы асқан алдына келген дауды жаудай етіп талай, талай тастайтың қара қылды қақ жарған екі ағам Төлені, Қазыбекті бұл дүниеде ардақтап өттім. Әрине, өкпелесен де, өкініскен де, жүз жыртысқан да, сөз жыртысқан да кездеріміз болды. Бұл осы фәни жалғанның шындығы. Сонда да хан, хан тұқымы олардай тұңғылық, терең бола білмеді. Менің хандарды, хан тұқымдарын жексұрын көретінім олар жәдігей, адам өлімі оларға шегіртке өлімі сияқты.
Қылдам тойған сорлының мойнына қым арқам сале салу қайқымен басын қайыра салу оларға асқабақ жарғандай. Менің екі ағам Төле мен, Қазыбек осы қылығына бола хандарды, хан тұқымдарын ұнатпайды.
Сондықтан да Жолбарысты да, Абылайды да олар екеуі қолдан жасаған және оларға өтемдігін жүргізген. Оны білетін адам, нақ мен осы жазбаны түсіріп отырғанда, төртеуміз. Білетін адам сегіз еді, төртеуі маған бұл әңгіме жеткен кезде бар еді, кейін дүниеден қайтты.
Қазасынан жеті жыл бұрын Жолбарыс хан Қаржақты жайлады. Бұл Шымбастың бір әдемі жері болатын. Бұл жерге қоныс сұрап алып Қаз дауысты Қазыбек би Асыдан көшіп келіп, екі ай жайлап отырды. Сол жайлаудағы жаздың жақсы күндерінде мен отырған (Қазыбек бек), алтықанат үйге Төле аға мен Қазыбек аға екеуі бірге келді. Олар бұрын – соңды маған бұлай келмейтін. Екеуі екі орданың бірі Ұлы жүздің, бірі Орта жүздің төбе билері болатын. Сондықтан мен керек болсам, шақыратын немесе қызымет жағдайымен ханның оң тізесінде отырған Төле биге өзім кіретінмін. Мен таңданғандығымды жасыра алмадым. Дастарқан жайылып, қымыз құйыла бастағанда, Төле аға өзінің атқосшысы Төкімді шақырып алды да: «Өзің үйден жиырма бес қадам жерде бол, үй маңына ешкімді жолатпа, көгалға жатып ұйықтап қалып жүрме!» -деді. Мен таңданым отырдым. «Қымызды өзің құй, Қазыбек», -деді Төле би. Ол үнемі менің атымды осылай толық айтатын, ағалығын білдіргені. Сонан соң Қазыбек ағаға иегін қақты. Қазыбек аға сәл тамағын кенеп сөз бастады, әдеттегідей жайымен, баптап сөйлеп жөнелді.
– Адас, (аттас), бұл мына Төкем екеуіміздің өлсек, сүйегімізбен кететін; тірі жүрсек, тісімізден шығармаймыз деген сырымыз еді. Төкем екеуіміз де 70-ке келіп, жер тістей бастаған шағымыз, өліп кетсек, ішімізде кетпесін, балалардың обалына қалмайық деп шынымызды ақтармақ болдық.
– Мені көріп Қазыбек аға ықластана сөйледі.
– Сен таңданба. Бірақ сен таңданатын сөз айтқалы отырмыз, –деп, ол сөзге Төле бидің қатысы бар екенін де білдірді. Сенің әлі бала кезіңде, Төле ағаң екеуміз ең алғаш осы бүгін өзің бірге жайлап отырған Қаржықта кездестік. Төле ағаң ол кездері көбіне Жетісудың шығысында Арқастың бауырындағы Алакөлде тұратын да, ара-тура екі-үш жылда бір келіп, осы Шымбасты бір-екі жыл қыстап, жайлап кететін. Мен де Арқадан келіп, осы Асы маңына жетіп, одан жазда осы Шымбастың қарлы қойнына кіретінмін. Сонда Төле ағаң екеуміз көрісіп, бір үлкен қылмыс жасадық.
– Мен шошып кеттім.
– Сен шошыма. Қылмыс болғанда бұл – бізге кешірілмес күнә. Бірақ оны біз өзіміз үшін істегеніміз жоқ, еліміз үшін, бірде жарлы, бірде бай, бірде зарлы, бірде май қазағымыз үшін істедік; қара қазан, сары баланың қамы үшін істедік. Олай дейтінім: Төкең де, мен де билікке жастайымыздан араластық. Сондықтан тұрмысымыздың, төңірегіміздің төсенгеніміз ою, көжеміз қою болғанын өзің де білесің. Міне, ол дәулет, байлық-бақыт басымыздан әлі ұшпаған секілді. Тек Төкең екеуіміздің арманымыз: қазақтың бір ордаға баяғы есім, Тәуке заманындағыдай жиналғанын көрмей барамыз. Міне, біздегі арманның үлкені – осы. Ал сен жасаған қылмысты не екен деп әлі тамсанып отырсың. Кейде Төкең екеуіміз оңаша қалғанда мұны қатты ойлап, өзімізді өзіміз жазалауға қашанда дайынбыз.
Осы жайлауда қымыз ішіп, қызара бөртіп отырғанда, біз хандарымызды әңгімелеп, олардың барған сайын адам өлтіргіш, қан ішер болып бара жатқанына да соқпай өтпедік. Міне қазір орыс елінде, тағы бірсыпыра елде жұртын жалғыз адам билейді. Ал нақ қазіргі шағымызда ол бізде жоқ. Хан билерсіз жеке қарәкат қылмайды. Өйткені хан жарлығын іске асыратын – халық, ал халық, қалың жұрт хан қолында емес, ол нақ қазір біздің билердің қолында. Хан жарлығы екі болмайды дегенмен, оны мына Төле ағаң, анау Айтық ағаң қолдамаса, жүзеге аспайды. Хан ақымақ емес, ол да кімге соқтығарын біледі. Билігін жалғыз жүргізді деп есептелетін Шыңғыстың өзі билерсіз қың демеген. Бұл тіпті, былай қарағанда, біз іргелі мемлекетіміз дейтін Еуропа елдерінен артықпыз, өйткені елмен-жұртпен билер арқылы сөйлесіп, тіпті хан жанында отырмын демей, өзіміз сөйлесіп ортаққа жасап тоқтамға келеміз. Бұл біздің елдігімізді, ел бола алатынымызды көрсетеді. Бірақ біздің осындай игілікті ісімізді мына өзіміз хан сайлаған, қолдан биікке шоқитқан адамдарымыз бұзып жіберіп, бізді қан жылатады. Кейде олар ойланбай іс қылып, қан төгеді.
Сондықтан соған бір тосқауыл қоймақ болдық. Ең алдымен адам өліміне тоқтау салмақ болдық. Өлім жазасы дегенді біржола шығарып тастағымыз келеді. Өйткені өлім өлімді туғызса, бұл бұзылған, түзелмес дүние болады.
– Ал сен өзің де білесің, – деп, Төле аға бір ауыз сөз қосты.
– Қазақ – бейбіт жұрт. Ол жанжалыңды, бұзықтығыңды ұнатпайды. Өзі тәртіп те бұзбайды. Барын аузыңа тосып, көрпесінің жұмсағын төсеп, жылысын жауып бәйек болады. Өзі ішпесе де, саған бәрін береді. Баласының аузынан жырып береді. Ал осыны біздің хандарымыз бағаламай, қит етсе өлім жазасын ала жүгіреді.
Төле аға айта бер дегендей, Қазыбек ағаға қайте иегін қақты. Қазыбек аға қайта сөзін жалғап кетті:
– Төле ағаң айтқандай, біздің халқымыз – бейбіт жұрт. Ал осы жұртты билеген адам да бейбітшілікті жақтайтын, қан төгуге бармайтын, елдің тентектерін қан шығарумен тыямын дейтін адам болмауы керек. Ал біздің хандарымыздың барлығы бұрын қан жалаған тұқымнан болғандықтан, хан дегенді қан деп ұғады. Міне осыны ойлай келіп, Төкең екеуміз ханды өзіміз тәрбиелемек болдық, өзімізден тәрбиелемек болдық. Сөйтіп, екеуіміз екі хан таппақпыз. Жарайды, біз хан табармыз, оны ғақылы, парасаты сай екен деп біздің жұртымыз қабылдай қояма, міне, алдымен осыны ойластырдық. Өйткені осыған дейін хандыққа төре тұқымы деп мұңғылдан, не Шыңғыс тұқымынан хан іздеп келген қазақ Төле мен Қазыбек айтты екен деп, оны істей қойса жақсы, істемей арадағы ел ішіндегі ұя бұзғыш, жікшілдер жұртқа іріткі салса, біз далада қалуымыз мүмкін еді. Сондықтан мұны о басынан ойлап, ыңғайын біраз келтіре алмай жүрдык. Ақыры ойласақ не таппайсың, екеуміз мұның шешімін таптық. Екі жерде екі төре баласыз болды. Алдымен Абдолла төренің баласы болмады. Соған бір лайықты жақсы тұқымнан бала іздестірдік. Мен оны таптым. Арғын Қуандық ішінде Темеш деген ұруда Нұрғожа деген би болды. Соның Қарымсақ деген баласының әйелі бір ұл туды да, босана салып дүниеден қайтты. Әйелінің өлімін көтере алмады ма әлде құдайдың жіберген ақ өлімі осыған әдейі себепші болып тұр ма, Қарымсақ қоса дүние салды да, құндақта титімдей бала қалды. Ол осы Жолбарыс болатын. Оған Жолбарыс атты берген – мен. Сөйтіп жетімекті бір түнде ұрлатып алдым да, Абдоллаға жеткіздім. Туғанына үш-төрт-ақ күн болған Жолбарысты емізген Абдолланың әйелінің емшегінен сүт шығып, артынан Әбілқайырды тапты. Жолбарыс пен Әбілқайырдың арасы – бір-ақ жас. Міне, ол кезде адамның уәдеге берік кезі. Абдолладан бұл бала жөнінде бірауыз сөз болған жоқ. Ел ештеме білмеді. Көшіп жүрген ел бүгін осында, ертең басқа жақта. Содан Жолбарыс өскен соң, бір күні Әбілқайырмен асыққа таласып төбелесіп қалыпты. Сонда бұған ыза болған шешесі “бұралқы неме” деп, Жолбарысты шапалақпен бір салып қалыпты. Мен үнемі одан көз жазбайтынмын. Жолбарыс барған сайын шешесінің Әбілқайырға бейім болып бара жатқанын көріп, содан Абдоллаға шешесінің қылығын айтқан. Ақыры Жолбарысқа Абдолла шынын айтып, үйіне келіп жүретін маған да балаға білгізгенін жасырмады. Содан Жолбарыс бір күні маған қашып келді. Мен оны жалынып жалпайып қайтып алып бардым. Ол ер жете бастаған соң, өз уәдеміз бойынша Төкеңе тапсырдым.
Жолбарыс ұя бұзбайтын, біртоға, ғақылды жігіт болып өсті. Бұл сол біреудің қолында жетім болып өскенін ерте біліп қалғандықтан ба, тым ұяң, жұмсақ болды. Сұлтан тұқымы деген ат оған бекіді. Алдымен Леңгірге бек болды. Сонан соң біраз уақыт Абдолла қолында жүрді. Ақыры Ұлы жүз ішіне сіңірдік те, одан Төкеңнің қолдауымен хан болды. Айтқан соң бәрін айтайық, Төке, − деп, Қазыбек аға ағасына бір қарап қойып, әңгімесін қайта жалғастырып кетті:
− Адаc, тағы осындай екінші әңгімені де айтатын деп отырмын. Осы сырды мына сеніменен сегіз кісі білуге тиіс еді, оның екеуі Жолбарыстың әке-шешесі оны көрмей кетті. Ал қалғаны алты адам. Сенімен алты адам. Төкеңнің туғандары ештеме білмейтін адамдай, аузына берік. Олардан қың білінген емес. Екінші адам Әбілмансұр ол да төре емес. Ол Төкеңнің тапқан баласы. Тышқан жылы қалмақтар бізге шабуылдап, ол кездері Төкең Арқаста Қапал, Құрымбел жағында болатын. Сол ұрыста қалмақтар қазақтың 200-дей баласын айдап кетіп, артынан бір жылдан соң соларды қазақтар қайтарып алдық. Екі жүздей баланың жүздейінің әке-шешесі табылмады. Сонан соң жаны кең қазақтар балаларды бір-бірден үлесіп кетті. Сонда бір қыз баланы Төкеңнің інісі аттас тағы бір Сеңкібай деген кісінің ауылына бөлінеді де, оны Сеңкібайдың баласы Қарабай асырап алды. Жасы он бірге келген қыз баланы Қарабай қолбала қылды. Осы бір күндері кездейсоқ Төкең Сеңкібай (Бұл батыр Сеңкібай емес, ол Төле бидің інісі ғой) ауылына барып қымыз ішіп отырса, үйдің сыртында бір қыз бала барлық ауыл баласын жинап алып, ертек айтып отырады. Үй ішіндегі Төкең тыңдаса, қыз кәдімгі талай айтысқа түсіп, тайпалған жорғадай, билерше әңгімені өте жатық айтады. Қыз сыртта ертегін бітірген соң, Төкең оны үйге шақыртып, кім екенін білгісі келеді.
− Бір жетім бала, Қарабай қолбала етіп алыпты, − дейді Сеңкібай шал. Сеңкібай –Төкеңе төрт-бес атадан қосылатын кісі. Төкең сұрастыра келсе, қыз кәдімгі Жиренше шешеннің шөбелегі болып шығады. Қыз: “Менің әкем – Бәкір, оның әкесі – Тілеубай, оның әкесі – Атан, оның әкесі – Жақ, оның әкесі – Жиренше”, − деп сайрайды. Келесі жылы Қарабай үйіндегі қолбала Аршынның екіқабат екені де Төкеңе жетеді. Төкең бәйбішесіне табыстап қойып, ұл туса осыны асыратайын деп, Уәлимен сөз жүргізеді. Көркем Уәли салдау кісі болған. Төрт әйел алған. Әйелдері сұлтанмен ерегісіп, олар да өз нәпсісін сырттан қанағаттандырған. Сондықтан төрт әйел де бала тумай, Уәли бала дегенде түн ұйқысы шайдай ашылады. Сөйтіп жүргенде, Қарабай үйіндегі келін босанып ұл туды. Бұл – қоян жылы. Бала екі жасқа келіп дәретінен ажыраған кезде, Төкең Қарабай мен келінді шақырып алып, оңаша Ешкіөлместің бауырына қондырды. Сөйтіп, баланы алып, оны сол жылы Сусамырды жайлаған Абылай ханның ұлы Уәлиге табыс етті. Өзім-ақ асырасам ба екен деген ойдан да ағаң арыла алмай жүрген кезі болды. Өйтсе, оны хан жасауы қиындайды. Бірақ Уәлидің бедеу қатындары баланы жақсы бақпайды. Сөйтіп жүргенде, бала бестен алтыға шығарында Уәли де, оның төрт қатыны да әлдеқандай бір кеселден қырылып қалды. Сол жылдары Әулиеата төңірегін мекен еткен Уәлидің өлгенін естіп, баланы алуға келген Қарабайға Төкең баланы бермей қойды. Қарабай да, оның әкесі Сеңкібай да Төкеңде жүрсе, бала қор болмас деді де қойды. Арада Төкең тағы да Жетісуға көшіп, одан Әбілмансұр он жасқа келген соң кезде Асыны қыстап, одан Шымбас жайлап, бес жыл тағы да осы маңда болды. Мұны мен сол жылдары Бұқарға айтып, екеуміз Төкеңмен уәде бойынша соны алып кетуге барғанбыз. Мына Төкең көзі отыр, − деді Қазыбек аға, – сол кезде-ақ сұрап барғанымызда: “Әлі бұғанасы қатқан жоқ. Уәли үйінде бала көңілі пәс болып, қатыгездікті көп көріп, мінезі шадырлау болыпты. Әлі бір төрт-бес жыл менің қолымда жүре берсін”, – деген. Міне, жаңа саған айтқан бұл сырды білетін алты адамның бірі – Бұқар ағаң (Бұқаржырау). Адас, біздің істегеніміз – қылмыс, биыл Төкең екеуміз отырып, жай-жапсарды әбден Әбілмансұрға түсіндірдік. Ол екі күн ешкіммен сөйлеспей жатып алды. Қарабайға баруына біз тыйым салдық. Іншалла, құдай нәсіп айласа енді сұлтанымызды алдық, біз де уәдеміздің үдесінен шықсақ деп жүрміз. Ал саған айтып отырғанымыз екі ұлдың да әке-шешесінің жазығы жоқ қой, күнәкар Төкең екеуміз. Балалардың балалығын болғызбай, туған әке-шешенің бауырын иіскетпей өсірген, бәріне біз кінәліміз. Бірақ о дүниеде құдай бізді кешірсін, біз мұны еліміздің келешегі үшін істедік, біле тұрып істедік, әдейі істедік. Бізді бұған құдай өзі итермеледі. Ал адас, саған айтатынымыз ерте ме, кеш пе жұрт, Үш жүз шындықты білуі керек. Соны кейінгі үрім бұтаққа, шыбықұшына жеткізсін деп әдейі айтып отырмыз. Міне қазіргі Жолбарыстың ендігі Әбілмансұрдың өткені мен болашағы осындай, адас. Әкесі Қарабайды осы Шымбасқа Қарамұртқа қойдық. Абылайды оған шақырмадық. Ол осының бәрін туған шешесін естірткенде, анық білді. Саған айтып отырғанымыз: Абылай сияқты үміт күтетін бала Қайыпты өлтірген қанішер Абылайдың тұқымы емес елінен елге жеткіздіру еді. Оны біз істедік білем, ендігі қәрекат сенде, − деп бітірген еді сонда сөзін Қазыбек аға. Төле аға көп сөз айтпады:
− Оны өзің көрген Далатау соғысында көзге түскен соң ғана Бөгембай қолына қостық. Ендігі Әбілмансұрдың болашағы Қазыбек ағаңа оның оны салмақтап, бедел туғызуына байланысты. Алла жазса, ол да еліміздің басын қосуға аянбай кірісер деп ойлаймын. Кім біледі, бір күні бір ұрыста қалмақтың шанышқан бір инесінен жазым болып жүрмесе. Құдай лайым тілегімізге жеткізген! Егер ол жуық арада хан тағына отырардай болса, онда Ұлы жүз бен Кіші жүздің басын қосып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарармыз деп отырмыз Қазыбек ағаң екеуміз.
Төле аға жаңағыны айтқан соң, менің ойыма Сабалақтың сол ұрыс алдында Төле шатырына шақырылуы енді менің ойыма түсіп, көп нәрсеге, еліміздің болашағына, кім елімізді тұтас билей алар екен деген ойға кеттім.
(Осы ұрыста Сабалақ (Әбілмансұр) Абылайлап қалмақтарға шабады, сол жерде қалмақтың Шарыш деген батырын өлтіріп, көзге түседі.
Осы Абылайлап ұрандағаннан (Төле бидің нұсқауымен) Абылай атанып кетеді). Өйткені Әбілмансұр бір ұрыста көзге түскені болмаса, әлі жас. Ал Жолбарыс тым жұмсақ, өте сыпа адам болды. Хан болатын адам қанын шығарып жұмсай, майын шығарып сүйе білетін адам болғаны жақсы. Ана деген қиын екен. Қара емен мінсе де Әбілмансұр шешесі Аруын өлгенде, көз жасын сығып алды. Шешесі өлгенде ол сонау Ұлытауда еді. Содан екі-ақ күнде жетті.
Мұндай жүріске адам түгіл жансыз темір де шыдамас та. Абылай ханның бүкей салт отпен Шымбас тауға келуі жұртты таң қалдырды. Оның себебін бір ерекше одан ғана білдік. Кейін: “Ойбай, соғысқа барайын деп жатыр екен.
Абылай сұлтан Жолбарыс хан мен ақылдасуға келіпті”, − деген өсек тарап жүрді. Ал шынын айтсам, Абылай Әбілмансұр Жолбарысты онша елет бермейтін. Өйткені ол Әбілхайырмен бірге өскендіктен, көп сене қоймайтын.
Бір күні осындай, сирек кездесулердің бірінде, Жолбарыс өлтірілерден бір жыл бұрын, ұмытпаса жылан жылы Әбілмансұрға Төле аға қатты реніш білдірді: “Ол хан, сен әлі хан бола алған жоқсың әлі сен хан боласың ба болмайсың ба белгісіз, Әбілмәмбет өлмей тұрып, соған хандық тимейді.
Құқық билік қолыңда болғанымен, хан емессің.
Біздің ханымызға құйрығыңды сыртқа салма. Оны сыйламасаң, ол мына Қазбек ағаң екеуімізді де сыйламаған. Сені сондай, менімен болсын деп тәбірлік тәрбие бермеген едін ғой” –деді. Мұны Қазыбек аға да қостап, ол да екі ауыз сөз қосты:
− Мәнкен (кең адам деген ұғым), сен сияқты ол да әке-шеше қызығын көрмеген, екеуіңе де еліміз үшін Төкем екеуіміз жарғақ құлағымыз жайыққа тимей жүріп, жанымыз тырнағымыздың ұшында жүріп Тебіздік бердік. Ал сенен ондай осы мінезді көргіміз келмейді.
− Ол қағаз шұқылап , жазып отырған маған қарап:
− Адас, мұны да қағазыңа басып қой, соңыратын үрімге үлгі болсын! –деді.
Қаршыдағы (ордадағы) күндерім босқа өткен жоқ. Мен мұнда екі кітап жаздым оны әбден кейін яғни 1771 – (1149)-жылы, өткен ғана Абылай таққа отырған соң қайта қарадым. Көп жерін қайта жаздым. Әбілмансұр менің Қасқарымнан Қазыбек бек ұлы, батыр екі жас қана кіші, маған өкпеледі. “Менің өткенімді қазбай-ақ қойсаңыз етті!” –деді.
Ал маған екі ағам Төле мен Қазыбек берген, шындықты айт деген тапсырманы орындамасам, кім болғаным? Әрине, оларға сөз бергенмін және де жазып шықтым. Бұл кітап Абылай өле-өлгенше жария болмады. Одан кейін де жария көрмей кетті. Ол кітап туралы біз Қазыбек бетің “Тұп тұқианнан өзім шиін” кітабінан біліп отырмыз, бұл кітаптің өзі, тек қана 1993 жылы жарыққа шықты.
Енді Қазыбек бек пен Төле би арасында ренжіс (саясатқа) болғанын және Жолбарыс хан өлімі туралы бір екі ауыз сөз жазайын.
Қазыбек бек кітабынан: Төле аға екеуіміз 1733 – (1111)-жылы қатты іренжісеміз.
Менің ордадан кеткім келуінің бір себебі осы дүр. Әңгіме үстүнде оның Жолбарысқа орысқа қарау жөнінде айтып отырғанын естіп, мен іренжіп қалдым. Содан біраз күнге дейін мен сөйлеспей қойдым.
Ол маған: “Егер біз орыс мемлекетіне арқа сүйемесек, қалмақ бізге тыныштық бермейді”, − дегенді айтты. Жолбарыс бұл жолы үнсіз қалды. Бірақ бодан болуға бел байлағанда мен кейін білдім. Төле би мен алғаш іренжіскенде-ақ патшаға хат жолдаған екен, қатын патша Анна мұны құптап, 1734-(1112)- жылы оған келісім берген. Бірақ ол бізге, қаршыға (ордаға) жетпеген. Соғыс мұрша бермеген, патша оған қатты мән беріп, оны жасырын ұстаған, хаттың ұзақ уақыт жетпеуінің бір себебі осы екен.
1738-(1116) - жылан жылы Төле мен Жолбарыс келісіп, патшаға хат жолдады. Мен бұл кезде хан ордасының екі оңқалының бірі болатынмын. Мен көбіне ғаскер-қол жағын қарайтынмын да, дау-дамай, ел ішіндегі, сыртындағы жайларды Төле аға басқаратын. Төле би мен Жолбарыс хан екеуі Ересейге бодан болуы біржола бел байлайды. Сөйтіп, хан жазып, оны Айтпайдан Орынборға Неплюевқа жібереді. Бұрын-соңды мұндай хат-қағаз менсіз өтпейтін. Енді мені сырттатып, маған бұл үлкен жұртымыздың тағдырына байланысты істің маған білгізілмей һүһімі шығуы мені қатты күйзелтті. Маған бұл хаттың барғанын әлдеқалай Орта жүз Жәнібектен келген Өрім деген жігіт айтып қойды. Бұл келгісі 1739-(1117) -жылдың күзі болатын.
Бұл мені қатты ашындырды. Біреуге бодан болатын болсақ, онда қалмақпен неғып өмір бақи алысып, боқ жеп жүрміз? Мен не де болса Айтбайдың келуін күттім. Ол жылдың аяғында қыста қайтты. Ол орысқа қарайтын болдық деп ашық айтты.
Міне, мен енді Жолбарыс пен Төлеге ашық жеткіздім. Жолбарыс мұны үндемей қарсы алды да, Төле би іренжіп қалды. Ол өзінің жасының үлкендігін, көргенінің көптігін, сондықтан осындай шешімге келгенін білдірді. Мен де елім-жұртым деп жүргенімді білдірдім.
Мен осы жерде қаршыдан (ордадан) кететінімді білдірдім. Бұған Жолбарыс қатты іренжіді. Төле аға да, Жолбарыста бұлай болады деп ойламаған. Төртінші күні мені хан шақырды. Бірер қағазда оқытты.
Ол күні әңгіме болмады. Мен де қайтып бұл қияфатқа қайтып оралмадым. Қыс қатты болса көктемнің келуін күттім. Күн осылай өте берді.
Наурыздың басында Кіші жүзден Әбілқайыр хан келді. Бұл мешіннің кірген кезі еді. Ордада оған арнап сый-сияпат көрсетілді. Үш күн болып, ол қайтып кетті.
“Ағасын сағынған соң келген ғой”, − деп жүрді қаршыдағылар. Ол аттанғанда Жолбарыс шығып қоштаспады. Оны кейбіреулер екеуі іренжісіп қалыпты деп жүрді.
Әбілқайыр ордадан кеткенмен, бұл елден кетпей, Шахрух бидің үйінде екі күн жатқан. Оны көргендер айтып жүрді. Біз оған пәлендей маңыз бермедік. Арада үш күн бойы күні-түні бірдей жаңбыр жауды. Сол жаңбыр басылған күні Жолбарысты ордада бауыздап кетті. Естіген соң, жүгіре басып бардық. Кеш алдында осы маңнан Шахрух бидің қызметшісі тәжік жігітін көргендер бар екен. Іздегенде, ол Шахрух бидің үйінде жоқ болып шықты. “Ол менен бұрын кетіп қалған”, − дегенді айтты. Бірақ нақ Әбілқайыр Шахрух бидің үйінде қонып жатқан күні оның қызметшісі Файыздың Шахрухтың үш ұлымен сөйлесіп тұрғанын көрген.
Әйтеуір, көкек-наурыздан соңғы айдың жаңасында Жолбарыс дүниеден кетті. Шахрух биден мұны көретін себебіміз: оның Әбдірахымы мен Әбдікәрімі екеуі де екі шаһардың билеушісі еді де, Жолбарысқа көптен өшігіп жүретін. Ол мен өзбекпін дейтіндердің ішінде Мың ұруынан болатын.
Қалай да, әйтеуір Жолбарыс 49 мүшелінде о дүниеге аттанды.
(Әбілхайырдың де қатысы бар) шіркін Жолбарыс солай дүниеден өтті.
Осыдан кейін Шахрух би ел басқару ісінен біраз еді, бірақ оның екі ұлы жағаласып біраз жерге барды. Жолбарыс өлген соң “Елді өзіміз басқарамызғой менің жанында қол”, − деген сөзіне қарамадың. Дүние жүзінің тарихында бір жұртқа екінші жұрт бодан болғанда, алғашқы қадам қанша жұмсақ болса, арты сонша қайты болатын белгісі. Амол не, қазақ билеушілері осының арғы жағын көре де, түсіне алмады.
Оны оп-оңай түсінуге болар еді. Егер бізді құлданбайтын ел болса, біздің жеріміздің әр жерінен бекіте салып алар ма еді? Демек олардаң жаман ойының түбі арам болатын.
Оны бүткіл Сібірді шұлатқан Жармақты (Ермақты) патшаның қолдауынан ақ белгілі емес пе? Өйткені алдымен орыс жерін шулатқан Жармақ көшімге біздің бауырымызға қары барған соң, сондай жауыз, бірақ күнде қаһарман қылып көрсетуден ақ орыс патшасының бар саясатын білуге болар еді. Бірақ біздің ордадағыларымыз осыны жете түсіне алмады. Жармақ Көшімнен жеңілді, ақыры өзі итжемі болып, итке таланып өлді.
Ноғай Сібірге олар біржола арнап алып, енді бізге Терістін шығысымыздан бүйірімізге найза қадап отыратын болды. Бұл жөнінде бізден гөрі Қоқандықтар мен Хиуалықтардың саясаты күшті. Өйткені олар орыстарға мұқашан жылы қабақ бермеді. Дегенмен де Төледей ұлдың тууы жүз жылда біраз ғана болар. Өйткені оның көп даналығын көрдім. Оның бәрі жұртқа жария болған. Жолбарыс өлген соң Ұлы жүздің билігі Төле бидің қолына біржола көшті. Қалмақтар да, қалмақ пен башкұртты айдап солып отырған Ресей патшаға бірінші Петр де қазақты бір жөн бодан етудің қиын екенін білді.
Өйткені орыстар жеріне бас салатын десе өзі Түріктер қарсы соғыста тұралап қалған болатын. Сондықтан ол қазақтың әбден қансырап, титықтауын күтпеске амалы болмады, қазақтан іш жиып та отырды. Егер қазақтың басы бірігіп болса, тауық жылы қырақта өлтірген далатаудағыдай (қалмақтарды қырған қазақтар) болатынын айқын сезді. Сондықтан қазақты бұтарлап аямаса, ішінен біріне-бірік айдап салып алмаса, болмайтынына орыстың де, қалмақтың да көзі жетті. Мұны біз де білдік. Ал біз далиған даламызда біріміз бау, біріміз тау болып, бірімізді біріміз тыңдамай, әрқайсымыз хан болғымыз келеді. Егер шынымен бірігер болсақ, қалмақ түгіл қарулы орыс та бізге түк істей алмас еді.
Ақыры 1756 жылы мен Абылайға баруым, өйткені Ташкенте Төле аға дүниеден қайтты деген хабар келді. Мен Әбілмансұрға Бұхар ағаны, Бөкенді, Қабанбайды ертіп көңіл айтуға бардым. Абылайға Төле өлімін Бұхар естіртті.
Бұлар неге келді деп таңдалып тұрған Абылай. “Ғақылым өлген екен, дүниедегі ең жақыным өлген екен, данышпаным, ақыным өлген-екен” –деп отыра кетті. Төле өліміне бара алмадық. Сүйегі Ташкенте қойыпты.
1771 – (1149)-қоян жылы қазақтың ханы болып отырған, дәл айтар болсам, қаршыдағы (ордадағы) қарақшы болып отырған, һәммә мемлекет қарәкатынен бейдама, тіпті беймағлұм қалған, ұлық істен өзін өзі жырақтатқан Әбілмәмбет дүние салды.
Сол жылдың жазында Қожа Ахмет бабаның мәсжідінде үш жүздің игі жақсылары, билері мен ел басылары, хандары мен сұлтандары жиналып Абылайды хан сайлады.
Бұған Малайсары мен Олжабай қарсылық көрсетті. Бөгембай мен Олжабай құдандалы еді, екеуі біріне бірі қызараңдасып, Абылай жөнінде келісе алмай қалды. Бірақ қазақтың сүт бетіне олардың аузын аштырмай, өздерін топтан шығарып жіберді. Ұлы жүз 24 шар, Орта жүз 31 шар, Кіші жүз 14 шар, Қарақалпақ 2 шар, төре 1 шар, қожа 1 шар, барлығы 73 шар салынды. Орта жүзден Абақ Керей 1 шар, Тарақты бір шар даулап алды. Кіші жүзден алты Әлім, төрт Шөмекей, Жетірудан Тама мен Жағалбайлы, Байұлынан Алаша мен Жаппас қана шар салды. 29 тамғалы Кіші жүздің басқасы хан сайлауына қатыспады. Ұлы жүзден Бәйдібектен тараған 7, Сіргелі, Шақшам 2, Қаңлы, Шанышқылы 2, Жалайыр 12, бәрі 24 шар салды. Сол 73 шардан Абылайға 69 адам қол берді. Шапырашты атынан шарды мен салдым. Хандар мен сұлтандар арасында да қарсылар болды. Нұралы інісі Ералының да хандықтан дәмесі бары көрініп қалды. Бірақ қазақ билері олардың сөзін құлағына ілмеді де, елемеді де. Өйткені қазақтың жүзге тарап ел билеушілері Абылайдың сөзін сөйлеп соқты. Абылай ақ киізге отырғызылып, үстіне шентон, басына мұрақ кигізілді. Сонан соң сегіз жігіт көтеріп, он шақты қадам жүрді де, ақ боз атқа мінгізді. Міне, ол енді хан болды.
Міне, осы мен Әбілмансұрлы тағы да көріп, онымен тілдестім. Ол маған: “ Китабыңды мен өлгенше таратпай тұра тұр! ” –деп рижан білдірді.
Мен: “Көрдің ғой, әлі жария болған жоқ”, -деп күлдім. Ол бұл сөзімді келісім берді деп ұқты білем. Егер менің кітабім жария болып кетсе, бұл Малайсары, Олжабай, тағы басқа хан тұқымы төрелердің қолында қып-қызыл қару болар еді.
Абылай елді өзі басқарды. Ол Ересейге де, Қытайға да бағынбады.
Сөйтіп қазақ елінің дербестігін сақтауы. Бірақ расын айтар болсақ, сол кезде Төле мен Қазыбек билерді айтпасақ, Абылайға тең келер қазақ даласынан адам табу қиын еді. Ол қазақ жерінің бәрін басқыншылардан тазартты.
Алтай, Тарбағатай маңындағы қалмақтар басып алған жерлерді қайтарып алды. Ол өте тапқыр саясат жүргізді деуге болады. Соның арқасында қазақ аузын адаһардай ашқан батыстағы да шығыстағы да жауларымызға бағынбай келді.
Сонау бір жылдары Мюллер деген орыс елшісі елді аралағанда: “Қазақтар мықты жұртсыңдар, егер Шыңғыс хан кезіндегідей ауызбірліктерің болса, сендер тағы да дүниені жаулар едіңдер.
Ойраттар сендерге қарағанда ұсақ мінезді ел”, − деген ді.
Мен мұны сол кездегі орыс, тағы басқа емшілердің мақтау сөзі, бізді мақтап қалмаққа қайрап салу деп қарағанмын. Кейін сарапқа салсам, оның сөзінің жаны бар.
Іле бойындағы соғыста алғашқы шалғынша Жалайыр-Байшегір Мөңке деген жігіт, Андас тұқымынан болатын. Оған жігіттер қалжыңдап: “Ей Шыңғыс ханның туысқаны”, − деп қоятын.
Міне жоғарыда жазылғандардан түйетінім. Шыңғыс-қазақ, жалайыр тайпасынан, андас руынан. Елші Мюллер бекер сөз етпен емес, егер ол (Шыңғыс) моңғол болса. Елші адам ел жұртты ажырата білер болар моңғол мен қазақты шатастырмас. Ол қазақ елі намысына болар.
Енді Қорқыт бабамыз туралы бір екі ауыз сөз келтіргенін. Қорқыт демекші, біздің осы бір бабамыз да өліммен тірескен, араптардан бізді баса- көктеп кірген ислам дініне қарсы болған, оның терістартпа пиғылын айқын түсінген адам болған. Менің атам Матай шежіресіне қарағанда, (Қазыбек бек кітапбынан) ол біздің Бәйдібек бабамыздың замандасы. Әрине, Қорқыт бабаны ислам жоқтаушылары қазақтың өзіне оны құбыжық етіп, діннен безген, құдайдың ақ өліміне қарсылық білдірген деп түсіндіреді. Ал Қорқыт баба Көктүріктің бөлшектеніп, жіктелуін жек көрді. Оның аяғы елдің бұғау киюіне соғатынын жұрттан бұрын байқады. Егер маған салса, мен Қорқыт атаны Майқыдан кейінгі қазақ жеріндегі айтулы тұлғаға бағалап едім. Қорқыт бабадан қалған мұра қобызбен тартатын бірнеше күйді мен оқудан елге келген жылы жазып, хатқа түсіргенмін. Бірақ сұм соғыстың ол да құлы болып жоғалды. Хижраның екі жүзінші жылының ар жақ-бер жағында ғұмыр кешкен Қорқыт ата Оғұздардың Бұзық тайпасынан шыққан Баяттың Парқын тұқымынан. Әкесі Қарақоға көзі ашық адам болған да, Қорқыт бабаны Еуропа елдерінде оқытқан. Оған Бұзық тайпасынан шыққан белгілі саудагер ақшалы Науман деген кісі себепші болды деседі. Ол Қорқыт бабаны Еуропаға апарып тастап, өзінің керуен саудасымен қайтып әкеліп тұрған. Қорқыт бабаны ислам дінінің өкілдері дерлік һәммәсі жек көрген. Қарақоғаның ағасы Қарабұға жиырма жылқысы болған өте бай адам екен, сол малдың арқасында інісінің жалғыз ұлы Қорқытты дүниесін шашып жүріп оқытқан. Көзінің тірісінде Қарабұға Қорқытқа ертеден кешке дейін желі басында кобыз тартқызған. Қарабұға өлген соң Қорқыт баба қобызды күңіренте тартып, қайғымен көп күй шығарған. Қорқыт ата – әуезді қазақта алғаш саралаған Әбунәсір бабадан бұрынғы күйші. Қорқыт баба Жойқын дарияның бойындағы Кәмірлен деген жерге қойылған. Оны ажалынан бұрын өлтірушілер – діндарлар. Қорқыт баба өлген соң оның әкесінің атын өзгертіп Қарақожа қойғандар да солар. Ал ағайынды Қарақоға мен Қарабұғының әкесі Домбай бақсы болған. Сондықтан да бақсы-балгер жынын шақырғанда: «Ей, ер Домбай, ер Домбай, шақырғанда кел, Домбай! Жесір менен жетімнің ырымын қылып бер, Домбай! – деуі сондықтан деген ел арасында әңгіме бар.
Енді Жақыш Хасеновтың кітабынан, алаш ұранды қазақия мемлекеті туралы үзінді келтіретін.
Оғуз-Алаш. Алаштың бәйбішесінен туған күн, ат, жұлдыз атты үш ұлы ел басқарған ел – Үш оң аталған, ол атақты Алаш ата өзі берген, қазақтың Үш жүз дейтіні сол – Үш оң. Үш жүз елі қағанаттың шығыс бөлегін мекендеп, сондықтан іші оғуз деп те аталған. Тоқалдан туған үш ұлы – көк тау, теңіз басқарған ел қағанаттың батыс бөлігін мекендегендіктен сыртқы Оғуз де аталған. Алаш қағанының осы некелі әйелдерінен туған алты ұл басқарған әскери қосын. Алаш қағанының таңтаулы әскері (гвардиясы) “Қазақ” аталған.
“Қорқыт ата кітабі” осы іші оғұздармен, сыртқы оғұздардың батырлық хикаяттарын баян еткен дастан, демек “Қорқыт ата кітабі” – қазақ ерлігінің тарихы жәдігерлігі және Қорқыт атаның өзі қазақ перзенті деп аламыз.
Үш оқтар мен Бөз оқтар терістін Кавказда Дон Еділ өзендерінің аралығын, одан бері Жайық бойын, Орал тауларын мекендей, жылдары Ертіс өрлеп, Алтай, одан Жетісуге келіп тұрған. “Қорқыт ата кітабінда” баяндалатын уақиғалар Кавказ отырабында өтеді. Өйткені олардың жорықтары әрқашан көрші елдерге қарата жүргізілген, ал ішкі жақта, яғни шығыс пен оңтүстікте Түркілер мекендеген, бұлар да оғұз елі, бауырластар елі, сондықтан олармен тату тұрған. Қазақ елінің терістін Кавказда тұрғаны шын ба?
Араб тарихшысы 934 жылы хатқа түскен “мұрады әл захас” деген еңбегінде: “алан патшалығының аржағында Кавказ бен Византия теңізі аралығында Кәшәк деген халық бар” деп жазылды.
Оғыздардың, яғни қазақтардың жыл сайын грузиндерден салық алып тұрғаны мәлік. Грузин жылнамаларында: “Қазақтар Тбилиси қаласын үш рет басып алды” деген жазу бар екен. Қазақтар Грузиндерге не үшін шабуыл жасады? Бұл салық толеуден бас тартып, көтеріліс жасаған грузиндерді жаралау болғаны мәлім. Сөз басында ескерте кетелік, орыс жылнамалары да косогтармен IX-XI ғасырларда болған қақтығыстар жәйлі талай рет атап жазғандығы көпке мәлім.
Оғыз жырында уақиғалар барынша барынша жинақы кісі аттары да, жер аттары да өте қысқа тұжырымдалады, тұтас халық, оның басшыларының атына айналдырылады. Мысалы ұлық, түрік, қыпшақ, қанғылық, қарлұқ, рум қағаны деген сияқты. Бұл олардың есімдері емес, сол халықтың өкілі екендігін білдіретін аты. Орысбек деп отырғаны – орыс билеушісі, әрине, орыстар румдықтармен туысқан, және Рум қағанының қол астында болған, тағы да оның жақтаушысы болып Оғуз қағанға қарсы соғысқа қатысқан.
Орыс билеушісінің бек атанды әу баста Румға, онон кейн Оғұз еліне бағынышты болғандығын айғақтайды. Бертінде орыс билеушісі патша делінді.
Бұл да орыс елінің бағынышты қалпынан туындаған, орыс патшасы тек ұлы Петр заманында ғана тәуелсіз патша болды, бірақ патша-(царь) атауы сол күйінде қалды. Оғұз қағанның ең күшті қарсыласы Рум қағаны соғыста жеңіліс тапты, орыс бегі де сол соғыста өлген. Өйткені Оғұз қағанға оның өзі емес, баласы келіп бағынышты болатындығын мәлімдеді. Ол Оғұз билігін өздігінен қабыл алатындағын, салық төлеп туратындығын, басымды да құт байлығымды да саған беремін, достықта боламын, қарсы шықпаймын –деп ант берді. Оғұз қаған бұл тілекті қабыл алды. Орыс елі талай рет оғұздармен еркіндікке ұтылып айқасқа шықты, күш сынасып көрді, бірақ жеңіліс тауып отырда. Оғұз қаған кешірімшіл, кең пейілдігін танытып, құртып жібермей, жерін құмар еместігін көрсетті, адам мінезді Текті елдің ұланы екендігін көрсете білді.
Орыс атауын Оғұз қаған береді: орыс алдынан шыққан ел мәнінде, батыс беттен оғұзға бағынғандарды ең алдыңғы ел деген мағынада айтылды.
Орыстар мен қазақтар көршілес отырып, оғұз заманынан бермен қарай талай рет табысып, женжат болып, бал жаласып, талай рет қару алып қақтығысып тұрды. Десе де сол кезде орыс елі оғұз-қазақ еліне бағынышты жүрді, салық төлеп тұрды. Төбе көз дәуді оның шешесінің оғұз еліне қарсы асқан өшпенділікпен айдар салды-оғұз елін құртуға құштарлығының төркіні де сонда жатыр. Бұл қазақ тарихының бұрын ашылмаған соны қыры. Сондықтан бұл мәселенің жан – жақта талдауы үшін дәл сол кездің туындысы “Егер жасағы туралы жырға” назар аударылық (орыс әдебиетінде 10 кластар бар).
Осында айтылатын Владимир Владиславович орыс князь тұқымдарының түп атасы екен, демек, жыршы баян қыпшақтардың сонау Х ғасырдан қарай тізей батып, өтіп кен жатқандығын әшкере айтып отыр. Владимирден Егорға дейін үш ғасыр өткен. Осы уақыт бойына (ар жағын еске алмағанда) орыстар қыпшақтарға бағынышты болып, салық төлеп тұрғандарын жыр жалуарынан білеміз.
Мына нәрсені айқындай кетуге лазым, түркілер қазақтар мен қыпшақтарды ажыратып жатпайды, қазақ атауын орыс тіліне 14 ғасырда қазақтары енгізді. Бұзық оқтардың орыстануы жайында кейін сөз болады. Ұлы қазақия күйрегеннен кейін. Боз оқтар орыстарға жалданып қызмет етті. (Бұны Қазыбек бек пен Өтеген елге қайтып оқуларын бітіріп кележатқанда, орыс жерінде қазақтар жолданып жұмыс істеп жүргендерін жазған 1700 басында).
Бірақ сонда да қазақ атын тастамады. Ал орыстар оларды баяғында қыпшақ дейді. Тек Куликова шайқасында жеңіске жеткеннен кейін ғана Бұзық оқтардың талабы бойынша патша үкметі Бұзық оқтарды қазақ деп атауға мәжүбір болды. Өйткені Алтын Орда қосынын талқандап орыстарға жеңіс алып берген нақ осы Боз оқ қазақтары еді. (Қазақтар-ішкі оғұз бен сыртқы оғұздарды өзара соғысы). Ал патша үкметі Үш жүз елін қазақ деп атамағаны, өзге елдің атымен атағаны бізге аян. Казак-қазақты шатастырмай, жік салу сол бір елді екі бөтен елдей көрсетуі.
Қазақтар мен Дон, Днестр бойынан сонау Балқаш түбегін жағалай мекендеген тату тұрған, олардың арасында ешқашан соғыс болмаған, бір-біріне көмектесіп, намыстарын бірге жыртысқан. Орыстар қазақтарға қарсы талай көтеріліс жасады. “Жырда” айтылатын Борис Вячислав 1078 жылы өлген, Святополка 1113 жылы өлген, Игорь 1185 жылы жарық жасады. Қарап отырсақ, орыс елінің азаттық күресі үздіксіз жалғаса берген. Бәрі де жеңіліспен тынған, қазақ қыпшақтар да бермеген. Міне осы тұста жырда айтылып отырған дай, қыпшақ-қазақтар 1182-1185 жылдары Киев өлкесін орыстардан бөліп әкетті, және осы өлкені қайтарып алуға орыстардың еш шамасы келмеді. Бұл жерлер тек тарихи жағдайлардың себебінен, ең алдымен ұлы Қазақияның өз ішінен бүлініп күйреуі, шығыстан Шыңғыс жарығының басталуы, ақ қыпшақтар мен Бұзық оқтардың христиан дінін қабылдауы, ақыры Бұзық оқтар мен қапшақтардың өздері орыстануынан жаңа ұлт Украин ұлты қалыптасты, “жыр” аыторы осыны дәл айтып отыр. “Русь жері екіге бөлінді”. Игорь жорығы орыс елінің қыпшақтарға әлі теңғсғ алмағанын көрсетті. Осы келтірілген деректерден мынадай тұжырым шығады:
Теріскей Кавказда 8-9-10-11 ғасырларда қазақ аталған тәуелсіз, еркін ел казания атты мемлекет болғандығын, ол орыс, армян, грузин елдерінен салық алып турған, аса қуатты ел екендігін білуге болады.
Қазқия мемлекеті, Ішкі оғуз (үш оқ), Сыртқы оғұз (боз оқ) –жиыны алты бөліктен тұрған, бұларды күнби басшылығындағы Алаштың алты ұлының ұрпақтары басқарған.
Қорқыт ата кітабында баяндалатын ішкі оғұз үш оқ, Сыртқы оғұз боз оқ дәл осы казакия елі, бұл мемлекеттің жетінген жазуы, ғылыми, әдеби шығармашылығы сол заманның озық деңгейінде болды.
Оғұз қазақ болса, оғұз тілі-тіл қазақ тілі болмасне ? Ендеше, қазақ тілі ұлы тіл. (Орыс тілінің жартысы көбінесе, қазақ тіліне бейімдес келеді. Егер жарығы туралы жырда. Олжас Сүйлеменовте осыны талдаған Аз и Я кітабында). Сонау Қорқыт атам заманынан 5 мың жыл бұрын, бүкіл әлемді билеген Оғұз Алаш қағанның тікелей ұрпағы Оғұз-Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде, саяси, әулеметтік және кеңселік тіл ғана болып, қалған жоқ, ол ғылым мен әдебиеттің де тілі болды. Қорқыт ата туындыларынан ер қазақтың қаһармандық рухының исі аңқып турады.
Орыс жазуы IX ғасырда грек жазуынан орыс тіліне бейімделіп жасанды: ал грек жазуының өзін Зевістің інісі ойлап тапқан делінеді. Зевс бұда 3000 жыл бұрын жасаған құдай, яғни күлгер. Ал Грек жазуы қалай жасалғанын оның формасы мен мәнінің өзі-ақ айқын айғақтайды, ол латын жазуынан. Жаңғыртылып жасалған. Латын жазуы күн елінің жазуы. Бұған көз жеткізгілерінің келсе, нақыр авторды ертіп, тауға жүріңіздер деді. Бұлтартпас дәлелдер қаратаста қасқайып тұр.
Ұлы қазақияның қайратты күйреді.
“Қорқыт ата кітабының” ең соңғы жыры. “Сыртқы оғұздардың ішкі оғұздарға қалай өлтірілгені туралы жыр”. Бұл жыр ұлы қазақияның қасіретті күйреуіне арналған. Айта кету разым, “Қорқыт ата кітабында” және оның аудармаларында, жазылып тұр бұл жөн емес, өйткені оғұз алаш атамыз оларға өз қолынан күміс оқ берді емес пе? Күміс оқ - бұзық оқ болады, өйткені күмістің түсі бұзық, күміс оқ деуден бұзық оқ деу жатымдырақ болған.
Оғұз – бұзық оқтардың бас көтеруй, тіпті де тосын бұрқ ете түскен құбылыс емес, оның тамыры тарих тереңінде жатыр. “Күндестің күні күндес” – деп тегін айтылмаған. Алаш атаның көзі тірісінде ақ бәйбіше мен тоқал арасында күндестік, қырбайлық болған. Алаш қаған қайтыс болған соң ел билігі бәйбішеден туған ең үлкен ұл Ақарыс күнбиге көшкені де айқын. Күн би үкім айтушы, шешім шығарушы би, төбедегі төбе би, хан төбе би, қаған қаһар иесі. Күнби Ақарыстың орнына оның ұлдарының бірі келгендігі де анық, сонымен аға ел Үйсін билері.
Күн шалған төбе саналып, басынан түспеді. Алаш атадан, Бақытұр ханға дейін 5000 жыл уақыт бойы бұл елдің бірілігі бұзылмай келген.
Дегенмен ағайын арасында, өкпе наз болмай тұрмайды, өйткені біреуді біреу толық ұғып, үнемі үйлесіп отыруы оңай емес. Бұзық оқ көсемдерінің ойында үнемі сақталып келген. Орыс елімен шектес, қанаттас отыруынан бұзық оқтар орыс елімен аса бығыз қатынаста болды. Өзара нағашы жиен болғандықтан оғыз қазақтарының әлсіреуән тілеп, жат тұрса орыс князьдері.
Қазақ елін іштен ыдыратуға, Үш оқ - Бұзық оқ арасына жік салуға, барынша тырысқаны анық. Бұзық оқтарды, үш оқтарға қарсы қайрап салды.
Игорь жасаған талқандауда ерекше күш көрсеткен боз оқтар орыстардан бөлір әкеткен Киев билеп төстеп далдайтып тұрған еді. Ақыр бір күн іштен бітеу жара қағанақ тай тарс етіп жарылды. Бұзық оқтар үш оқтарға қарсы бас көтерді. Бұл оқиға Қорқыт ата кітабында былай баяндалған. Бір күні үш оқ бұзық оқ жиналып келіп қазақ үйінен олжа бөлісті. Екінші жылы олжа бөлісінде сыықртқы оғұздар келмеді. Осы жолғы олжа бөлісінен сыртқы оғұздардың көсемдері Арұз, Әмен сияқты батырлар хабарсыз қалған еді. Сыртқы оғыз бектері бұл кезге дейін біз ішкі оғыздармен бірлесіп олжа бөлісуші едік, бұл жолғы олжа бөлісінен бізді неге шет қалдырған депті. Қазан Құлбас батырға Аруз батырға барып біл дейді неге келмегенін. Аруз Құлбасқа былай деген екен: Үш оқ бұзық оқ Қазан үйінен бөліскенде біз бірге барушы едік, соңғы олжа бөлісінен біз шет қалдық, ендігі жерде біз Қазанға дос емеспіз. Аруз табысуға ешқандай шарип қоймады, ол жанжал шығару үшін сылтау болды.
Аруз сыртқы оғыздардың бектерін жинап “Сенің досыңа – біз доспыз, жауыңа жаумыз” дегізіп ант алды. Аруздың түн мақсаты Қазанды құрту, Байрақты өз жағына шығару, болмаса оның көзін жайып бас қолбасшылыққа өзі шығу еді. Айтылғандай істелуі Байраққа, бізді Қазан мен татуластыр деп кісі салды. Байрақ мақұл деді де қару жарақсыз қалпы келді.
Аруз оған “Біз Қазаннан бөліндік, бәріміз анттастық, сен не істейсің” ? дейді. Байрақ “Мен Қазаннан бөліне алмаймын оның жақсылығын ұмыта алмаймын” –дейді. Аруз көшіп Байрақты жамбастан шауып өлтірді.
Бұдан әрі “Қорқыт ата кітабында”. Қазанның кек алуға аттанғаны, бір кіндіктен тараған туыстас екі тайпа арасында, өліспей беріспейтін қиян кескі соғыс болғаны. Қазан Аруздың басына шауып өлтіргені мал-мүлкін, елін, тайпасын талан-таражға салғаны ақырында көк шалғынға шатыр тіккені баяндалған. Қазақ елі осы бүліншіліктен қатты қалжырап, қаңғып, жанжаққа бытырап кетті.
Ондаған жылдарға созылған босқындаудан қазақ едәуір бөлігі өзге халықтарға кірігіп, сіңсіл кетті, бір бөлігі армян әзербайжан шегінде қалып қойды.
Үш оқ-үш жүздің негізгі бөлігі Орта Азия мен Ор Азияға қайта оралды.
Бұлар сонау монғол жеріне шейін барды, көбінесе Үйсіннің Абылай тұқымдары. Соның ішінде ең үлкен тайпа жалайырлар болды (ұлы монғол деп атаған). Сол жалайыр тайпасының Андас ұруынан атадан шыққын Шыңғыс қвйта ыдыраған қазақтардың басын қосқан (Көбінесе Майқы би көмегімен).
Содан ел болып 13 ғасыр басында қайтадан сол ата жеріне шеру тартып (бұзық оқ жеріне). Орыс елін 300 жылдай ұстады. 15 ғасыр аяғында Алтын Орда ыдырап, осы ішкі оғыз жерінде қазақ мемлекеті қайта аурылды.
Енді жоғарыда айтылған боз оқтар қайда кетті?
Бұзық оқ сыртқы оғұздар осы соғыстан тым ауыр, үш оқтар түп қопара шауып алды. Ал намыс ер қазақтың ниесі екен, сол өлген соң қазақтың бытшыты шықты.
Бұл тұста күн елінің ең үлкен ағасы қыпшақтардың екі мемлекеті болды, бір Қаратау, Сыр, Шу өзендерінің бойын мекендеген, IX ғасырда Қарлұқтар мен бірге ислам дінін қабылдаған қарақыпшақтар елі де, екіншісі Дон, Днепр, Днепр өзендері сағасын мекендеген ислам дініне де, христиан дініне де кірмеген ақ қыпшақтар болды. Бұзық оқтардың жетім-жесірлері соларды паналады, көршілес орыс байларына жолданып жұмыс істеді. Заманы зымырап өтіп жатты, қыпшақтардың өздері де өзгеріп, орыс салтына бой ұрып, ақыры христиан дініне шоқына бастады, шоқыншақ қазақ қыпшақ орысқа айналып, ақыры украин дейтін жаңа ұлт қалыптаса бастады. Бұзық оқтардың бір бөлігі осы украин құрамына кірді, қалған бөлігі туралы Қазақ совет энцоклопедиясында мынандай мәлімет берілген: қазақтар 12-14 ғасырларда феодалдық міндеткерліктен бос, әдепте кәсіпшіліктерде жолданып жұмыс істеген ерікті адамдар, әскери қызметтегілері қалалық күзеттік қазақ қадымына бөлінді. XVI ғасырда Дон, Еділ, Днепр және Грябен қазақтарының қауымы құрылды.
XVI ғасырдың аяғында Сібір, XVI ғасырдың Украина қазақтарының қауымы құрылды. Патша үкіметі қазақ қауымының тұтастығын бұзып, бір-біріне қатыссыз әлденеше бөлшектеп, арасына жік түсіріп телім-телім етіп жіберді. Патша үкметі үш оқтарға да дәл осындай бөлшектеу саясатын жүргізгені мәлім. Патша үкіметі сонымен қатар дін таратушыларды кіргізіп, шіркеулерді көбейтіп, қазақтарды христиандандыруға бар күшін салып, одан қаржы аямады. Ақыры қазақтар ең алдымен өздерінің ана тілінен айырылғанын байқамай қалды, сөйтіп “қазақ-орыс” атанды.
Бұзық оқтардан тек қана Тарақты руы үш оқтарға қосылды, сондықтан олар үш жүзге қосылмайды.
Бұзық оқтардың ең әйгілі аға тайпасы көк хан билеген Черкестер.
Олардын ең мықты билерінің ұрпақтары сол кезде басып алған украиндарға сіңісті. Черкестер Украинада белді күш болды. “Қорқыт ата кітабында” бұзық оқтардың екінші көсемі Әмен, Бектұр руынан екендігі айтылады. Сонымен бұзық оқтардың үш руы анық мәлім. Олар - Шеркешы (Черкесы), Бектұр, Тарақты. Бұзық оқтар қанша орыстанса да қазақ атын тастамады. Орыстарға сіңіскен түрік текпес халық ұрпақтарының, орыс ғылымын дамытуға, орыс ақыл-ойының өсуіне қаншама зор ықпал еткендігі әйгілі тілгер Н.А. Баскаков “Түрік тектес орыс әулеттері” деген кітабын оқысаңыз анық көз жеткізесіз. Ол түркілер дегеніміз –Башқұрт, Татар, Қыпшақ, Қазақ, Алаш, Құман ұрпақтары.
Қазақ – Россияның қалқаны болды, орыс шекарасын кеңейтіп, орыс жерін ұлғайтты, орыс мемлекетін нығайтуға барлық күш-жігерін, қанын төгіп, жанын беріп, аянбай еңбек етті.
Бара-бара орыс патшасының сотқар-сотанақ жалданбалы құлына айналып, қанды қылышын өздерімен туыс үш оқ қазақтарына жұмсады. Бұзық оқтардың орталанбаған аз ауылдары, орыс-украин шегінде, Ұлы Қазан төңкерісіне дейін болған.
Сол қалған аз бөлін әйгілі жатпай жедел коллективтендіру кезеңінде ақыры орыстанды.
Бұзық оқтардан (қазақтардан) әйгілі көтерілісуі көсемдер шықты. Аса дарынды Степан Разин, Емельян Пугачев.
Украинада көтеріліс ұйымдастырған Кочубей де бұзық оқтан еді. Кешегі өткен ұлы жазушы М. Шолохов Алматыға келген бір сапарында қазақ елін- “ұлы ел”, біз сіздермен туыспыз, біздің көп сөздеріміз сіздердің сөздеріңізбен бір анадан туғандай айнымайды, тіпті “тұтын” дегенді бізде дәл сіздерше “тұтын” дейміз деген.
Ұлы жазушы казак-қазақ бір туыс екендігін ойшылдық батылымен білген. Бұзық оқ – казак ағайын, әз бауырла –туысы бір түрі бір, тілінде де жақындық бар, жатбауыр болып жауласқанымыз жетер енді, “адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйіріп тапқан соң” – деген атамыз қазақтың даналық өсиеті бар. Үш оқ, бұзық оқ бүтін болса Қазақия кез келген елмен иық тірестіре алады. Ең бастысы сіздер де, біздер де қазақ атымызды мақтан тұтамыз.
Ал үш оқ болса қазірігі қазақ, жеріне қайта келіп міне дербес мемлекет болып отырмыз. Алла жар болсын!!!
Спасибо за чтение
Вернуться к книге
